Өтініштер қабылдау басталды
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2019–2020 оқу жылының көктемгі семестрінде «Сәулет және құрылыс, Қоршаған орта, Электротехника және машина жасау, Ақпараттық жүйелер» салалары бойынша 2–3-курс студенттеріне арналған Erasmus + шәкіртақылық бағдарламасының аясында Bialystok University of Technology (Польша) университетінде «Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жариялайды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жақсы оқу үлгерімі (GPA 3.5 және одан жоғары);
- жоғары ағылшын тілі деңгейі IELTS (міндетті);
Оқу ұзақтығы, мерзімі және шарттары:
- 1 семестр (2019–2020 оқу жылының ақпан – маусым айлары);
- оқыту тілі: ағылшын тілі;
- ай сайынғы шәкіртақы: 800 евро;
- жол шығыны: 820 евро.
Қажетті құжаттар:
- ағылшын тіліндегі түйіндеме;
- конкурсқа қатысуға арналған хат, ағылшын тілінде;
- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт;
- ағылшын тілі деңгейін көрсететін сертификат (IELTS);
- шетелдік паспорт көшірмесі;
- үй және ұялы телефон, электрондық пошта;
- жеке куәліктің көшірмесі.
Барлық құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы тиіс. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2019 жылғы 26 қараша. Барлық сұрақтар бойынша 10:00-ден 11:00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады (НК, 903-каб.).