Ақпарат:

23 ақпан 2023 15369

Өзіңіз үшін Coursera ашыңыз: әлемнің ең үздік университетінде онлайн оқып, білім алыңыз

Өзіңіз үшін Coursera ашыңыз: әлемнің ең үздік университетінде онлайн оқып, білім алыңыз

Coursera – Стэнфорд профессорлары Дафне Коллер мен Эндрю Ын 2012 жылы жасаған жаһандық платформа. Ол 77 миллионнан астам студенттерді біріктіріп, әлемдегі ең үздік университеттердің курстарынан өтуге мүмкіндік береді. Мұнда Йель немесе Стэнфорд, Колтех, Беркли және т.б. курстардан өтуге болады. Курстар білім берудің барлық салалары бойынша қол жетімді. Сіз келіссөздер жүргізу, қаржы, бағдарламалау курсын оқи аласыз, тіпті сіздің денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз туралы ғылым бойынша да курстар бар.

Платформа материалдары дәстүрлі оқыту формасына жақын жасалған: лекциялар, бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары, тест тапсыру, емтихандар. Егер де студентке бірдеңе түсініксіз болса, тақырыпты студенттер мен оқытушылар байланысатын арнайы форумда талқылауға мүмкіндік бар. Материалдың көп бөлігі ағылшын тілінде дайындалған. Оқуды жеке компьютерде де, немесе телефон арқылы да оқуға болады.

Платформадағы курстардың көпшілігі шартты түрде тегін болып келеді: мысалы, сіз курсқа тегін қатыса аласыз, бірақ сертификат алғыңыз келсе, курстың ақысын төлеуіңіз керек. Мұндағы ең танымал сертификаттар – Google және IBM сертификаттары. Курстардың ақысы – ең қысқасы 9,99 доллар және 2-4 жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарламалар – 9000 доллардан басталады. Курс нәтижесінде күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне берілетін дипломға ұқсас диплом алып шығасыз. Сондай-ақ айына $59 немесе жылына $399 төлеп, курстардың 90%-ына шектеусіз қол жеткізуге жазылуға болады.

Coursera-ға қалайша қол жеткізуге болады

Басқа курстар сияқты мұнда да coursera.org сайтына тіркелу керек. Тіркеліп болғаннан кейін сайттағы курстардың бірін өзіңіз оқығыңыз келетін сала бойынша таңдап, «Қатысу» деген түймені басыңыз. Содан кейін курс материалдары ашылады, ал курс профиліңізге қосады.    

Coursera курстары қазақстандық ЖОО-да есептеле ме?

Студент Coursera курсы бойынша толтырған кредиттерді есепке алу-алмауды әрбір университет өзі шешеді. Әдетте университет сіздің білім беру бағдарламаңыз бойынша тапсыратын бірнеше курстарды қолжетімді етіп бекітеді, сөйтіп сіз ол курстарды семестр бойы тікелей осы платформада оқи аласыз. Бұл бағдарламаның сіздің университетте бар-жоқ екенін білу үшін, өз кафедраңыздың басшылығына хабарласыңыз.

Қазақстан Coursera-мен бірлесіп, қандай бағдарламаны іске асыруда

2023 жылдан бастап Қазақстан Coursera-мен бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда, осы бағдарлама аясында біздің еліміз қазақстандық студенттер үшін 20 000 лицензия алады. Лицензиялар 25 аймақтық жоғары оқу орындары арасында бөлінеді де, әрі қарай олар студенттер арасында таратылады. Әр университетте жауапты тұлғалар тағайындалады да, олар әкімшіліктерге қол жеткізу арқылы оқу процесін бақылайды және студенттердің үлгеріміне сараптама жасайды.

Платформада қазірдің өзінде қазақ және орыс тілдерінде 50 басым курстар бар, олар бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг және т.б. салаларды қамтиды. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент Coursera платформасына қол жеткізе алады. Сәтбаев Университетінде бұл бағдарлама 2022 жылдың тамыз айынан бастап Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенттері үшін жұмыс істеп келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту