23 қазан 2023 2394

Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетіне келді

Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетіне келді

23 қазан күні Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс әйгілі Политехқа ресми сапармен келіп, Satbayev University мен Pennsylvania State University арасындағы стратегиялық серіктестіктің ғылым және білім беру саласы бойынша алдағы жоспарлары жайлы талқылады.

Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мамандығым – Болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев, университет ректоры Мейрам Бегентаев, Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Асқар Сыздықов, Тау-кен металлургия институтының директоры Қанай Рысбеков, Коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің басшысы Әлия Ақатаева және кафедра меңгерушілері – Алма Бекботаева, Гүлжахан Елікбаева, Кеңес Құдайбергенов, Рысхан Сатыбалдиева, сонымен қатар профессорлар Талғат Еңсепбаев пен Бағила Байтимбетова қатысты.

Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетіне келді

Кездесу жылы шырайлы достық жағдайда өтті. Стивен Барнс құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық университеттермен арадағы ынтымақтастық қарым-қатынас жоспарлары  жайлы бөлісті:

– Мен әлемнің 50 елінде болдым, олардың бесеуін өз үйім деп санаймын», – деді Барнс мырза өз сөзінде. — Олар АҚШ, Норвегия, Үндістан, Колумбия және Қазақстан. Үндістан мен Қазақстанға біз басымырақ көңіл бөлеміз, ал бұл елде біз әсіресе Сәтбаев Университетіне басты назар аударып отырмыз.

Pennsylvania State University — Политехтың бұрыннан келе жатқан серіктесі. Бұл – Америка Құрама Штаттарында QS рейтингінде 83-орынға ие болған ең үлкен және ең беделді зерттеу университеттерінің бірі. Самғат Ермекбаев жігерлене сөз сөйлеп, Penn State бізге көптеген мүмкіндіктер беріп отырғанын және қазақстандық университеттермен ынтымақтастық қарым-қатынасқа ашық екенін баса айтты.

Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетіне келді

Жиын соңында Мейрам Бегентаев қонаққа университет ұжымын таныстырып, институт директорлары мен кафедра меңгерушілеріне сөз берді. Екі жақ тараптар Сәтбаев Университеті мен Penn State арасындағы стратегиялық серіктестікті Инженерия, Киберқауіпсіздік, Материалтану және тау-кен ісі салалары бойынша әрі қарай кеңейту жөнінде келісті. Сәтбаев Университеті мен Penn State арасындағы серіктестік қарым-қатынастың келесі қадамы – қазақстандық оқытушылардың Америкада тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, сондай-ақ қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске қосу болмақ. Осылайша екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас алдағы уақытта одан әрі кеңейіп, жалғасын табады.

Пенсильвания штаты университетінің Халықаралық бағдарламалар деканы Стивен Барнс Сәтбаев Университетіне келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту