20 қаңтар 2022 3397

Политех докторанттар даярлау жүйесін жаңартуда

Политех докторанттар даярлау жүйесін жаңартуда

Бұл туралы 20 қаңтар күні Сәтбаев Университетінде докторантура туралы өткен жиында айтылды. Университет басшылығы докторантураның қазіргі жағдайына тоқталып, көкейде жүрген бірқатар сауалдарға жауап берді және университеттің алдағы негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі техникалық білім беру жүйесін дамытуды жүзеге асырудың келесі қадамдарын белгіледі.

– Біз алдымызға әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кіру мақсатын қойған едік, алайда желтоқсан айында Президент біздің алдымызға жаңа міндет қойды – әлемдік QS рейтингі бойынша 2026 жылға қарай Сәтбаев Университетін әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енгізу. Ал негізгі KPI көрсеткіштерінің бірі – студенттердің жалпы санының 10 пайызын PhD докторлары етіп шығару, – деді жиында университет ректоры Мейрам Бегентаев. Осы мақсаттарға жету үшін Сәтбаев Университеті оқу орнында докторанттарды даярлау үдерісін өзгерту бағдарламасын қабылдады.

Университеттегі диссертациялық кеңестердің, ғылыми хатшылардың, институт директорларының, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жұмысы қайтадан түзетіледі. Осы тапсырма бойынша жүргізілетін жұмыс аясында мынадай тапсырмалар берілді:

  • Докторанттарды даярлау барысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі мен институттардың жұмысын біріктіру;
  • Жаңадан диссертациялық кеңестер ашу жұмысын бастау;
  • PhD докторы атағын беру туралы жаңа ережені Сәтбаев Университетінің Ғылыми кеңесінде әзірлеу және қабылдау;
  • Докторанттармен кері байланыс орнату;
  • Докторанттар үшін оқу үрдісі, тағылымдамадан өту, мақала жазу туралы толық мәліметтер бар ақпараттық карта әзірлеу.

Бұл міндеттерді іске асыру жұмыстарына университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров басшылық етеді.

– Докторанттар – біздің болашақ ғалымдарымыз, біздің ғылым, сапалы зерттеулер мен қызықты жобалар. Олар бізді әлемдік аренаға танытады. Біздің докторанттарымыз нақты ғылыммен айналысса екен, мақалаларын рейтингі жоғары әлемдік журналдарда жарияласа екен деймін. Тек осылай ғана біз жетекші халықаралық университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық байланыста бола аламыз. Ал докторанттарға қолайлы жағдай жасамайынша, мұның бәріне қол жеткізу мүмкін емес», – деді Мейрам Бегентаев кездесуде сөйлеген сөзінде.

Политех усовершенствует систему подготовки докторантов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту