15 қаңтар 2022 3989

Политех Президент тапсырмаларын орындауға дайын: Асхат Аймағамбетов Сәтбаев Университетіне келді

Политех Президент тапсырмаларын орындауға дайын: Асхат Аймағамбетов Сәтбаев Университетіне келді

Үстіміздегі жылы 15 қаңтар күні ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетов елдегі ежелгі техникалық жоғары оқу орнына жұмыс сапарымен келіп, университет басшылығымен кездесті. Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев министрге ұжым қызметі жайлы айтып беріп, Бас оқу ғимаратының сыртына жасалған жөндеу жұмыстарынан кейінгі кескінін көрсетті. Министр Ұшқышсыз ұшатын аппараттар зертханасымен танысты, университет жатақханаларын аралап, студенттермен кездесті. Сондай-ақ қалада орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан болған шығындарды бағалау мақсатында жоғары оқу орнының басқа да ғимараттарын аралап шықты.

Кездесу ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылған қолжетімді сапалы техникалық білім беру және Қазақстанда бес шетелдік университеттің филиалдарын ашу жұмыстары аясында өтті. Бұған дейін Асхат Аймағамбетов баспасөзге берген сұхбатында биыл ЖОО-да техникалық мамандарды даярлаудың бағыты бойынша берілетін гранттар саны көбейтілетінін айтқан болатын. Бұл мақсатты гранттар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына, оның ішінде Сәтбаев Университетіне де бөлінеді.

Университет өзінің материалдық-техникалық базасымен және алдағы жоспарларымен таныстырды, ең бастысы – студенттердің жаңа буынын, болашақ инженерлер мен өнеркәсіп орындары мамандарын қабылдауға дайын екендігін көрсетті.

– Біз QS рейтингі бойынша әлемдік үздік 300 ЖОО-ның қатарына кіруді жоспарлаған едік, енді Президент жолдауынан кейін алдымызға жаңа міндеттер қойып, әлемдік үздік 200 университеттің қатарына кіруді жоспарлап отырмыз, – деді Мейрам Бегентаев кездесу барысында.

Кездесуге университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков, Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Мансұр Әлімханов және басқарманың басқа да мүшелері қатысты.

«Политех» готов к исполнению поручений президента: Асхат Аймагамбетов посетил Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту