10 қараша 2020 5141

Политехпен бірге 50 жыл: «ҚазГМИ-ден Сәтбаев Университетіне дейін»

Политехпен бірге 50 жыл: «ҚазГМИ-ден Сәтбаев Университетіне дейін»
«От КазГМИ до Satbayev University»

Өткен жылы Сәтбаев Университеті өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы айтулы күннің құрметіне орай бұрынғы студенттер университетке «ҚазГМИ-ден Сәтбаев Университетіне дейін» атты авторлық басылымның 20 данасын сыйға тартты. Бұл естелік кітаптың бес данасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаға берілді.

Кәсіби журналистерді жұмылдыра отырып, түлектер туған университеттің құрылған күнінен бастап, бүгінге дейінгі өмірі туралы 343 бет тарихи фактілерді дайындады және оның 200 данасын басып шығарды.

Осы ағымдағы түлектердің қатарында Қазақстан түсті металлургиясының дамуына зор үлес қосқан белгілі мемлекеттік қайраткерлер, ірі зауыттардың директорлары, бірқатар түсті металлургия кәсіпорындарының бас мамандары, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік комитеттер мен ұлттық компаниялардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ қазіргі уақытта елге танымал фирмалардың басшылары мен кәсіпкерлер бар. Олардың арасында:

Асанов Тұрарбек Мажилович – саяси ғылымдардың кандидаты, қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері.

Избасханов Қылышбек Сатылғанович – «CTC Holding Group»  бақылаушылар кеңесінің төрағасы, ЖШС «Амитех» бас директорының кеңесшісі.

Кузиев Ділмұрат Пірмұхамедович – Калифорния Халықаралық ғылым, білім, өнер және индустрия академиясының академигі; Халықаралық табиғат және қоғам туралы ғылымдар академиясының Евразия бөлімі жөніндегі корреспондент-мүшесі; Қазақ экономика және консалтинг университетінің құрметті профессоры; «Бент» АҚ-ның президенті.

Найманбаев Мадали Абдуалиевич – түсті металлургия, сирек және асыл металдар саласы бойынша қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының кандидаты (1985), Халықаралық профессорлар қауымдастығының мүшесі (1997), Европалық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі (2017).

Телешев Қайсар Жұмаханович – техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев университетінің құрметті профессоры.  

Қазақ политехникалық институтын 1975 жылы бітірген металлургия факультетінің түлектері «Политехпен бірге 50 жыл» атты кездесу өткізді. Олар студенттік кездерін қуанышпен еске алып, оқудың ұмытылмас сәттерімен, мәселелерімен, қиыншылықтарымен және армандарымен бөлісті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту