Ақпарат:

24 қазан 2025 106

Президент Қазақстан ғалымдарын жоғары тазалықтағы селен алу технологиясын әзірлегені үшін марапаттады

Президент Қазақстан ғалымдарын жоғары тазалықтағы селен алу технологиясын әзірлегені үшін марапаттады

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына, ғылым мен инновацияға сүбелі үлес қосқан азаматтарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Марапатталғандар қатарында білім мен өнеркәсіп саласының өкілдері, медицина қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.

Ғылым мен техника саласы бойынша Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты Сәтбаев университетінің ғалымдары иеленді. Олар мыс өндірісінің шламдарынан тазалығы 99,5% құрайтын селен алу технологиясын әзірлеген болатын. Бұл әдіс металлургиялық қалдықтар құрамындағы сирек элементтерді тиімді түрде бөліп алып, оларды құнды өнеркәсіптік шикізатқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Бұл жоба техника ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Кенжалиевтің жетекшілігімен жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысы шикізатты экологиялық тұрғыда қауіпсіз түрде қайта өңдеу тәсілдерін дамытуда және елдің шикізаттық тәуелсіздігін нығайту ісінде маңызды рөл атқарады.

Президент сыйлығы – отандық ғалымдардың ұлттық металлургия ғылымын дамытуға қосқан еңбегіне берілген лайықты баға болып саналады, әрі қазақстандық технологиялардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту