7 желтоқсан 2021 4658

Профессорлар құрамы мен директордың орынбасарларының бос лауазымдарына конкурс жарияланды

Профессорлар құрамы мен директордың орынбасарларының бос лауазымдарына конкурс жарияланды

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі - ҚазҰТЗУ) профессор-оқытушылар құрамының, атап айтқанда институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, ассистент-профессорлар, сениор-лекторлар, лекторлар, тьюторлар, ассистенттер бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 20 желтоқсан (конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады).

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  2. Байланыс деректері көрсетілген лауазымға үміткер туралы деректер (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
  5. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
  6. Соңғы 3 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) жұмыс орны бойынша куәландырылған тізімі;
  7. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар (нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша).

Үміткерлер сондай-ақ біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, тілдік даярлық туралы сертификаттардың, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту