30 маусым 2022 6926

Профессорлар құрамының және директордың орынбасарларының бос лауазымдарына конкурсқа құжаттарды қабылдау ашық

Профессорлар құрамының және директордың орынбасарларының бос лауазымдарына конкурсқа құжаттарды қабылдау ашық

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (Сатбаев Университет) профессор-оқытушылар құрамының, оның ішінде институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер бос орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 14 шілде, сағат 17.00 дейін. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Байланыс деректері көрсетілген жеке сауалнама (толтыру нысаны сайтта қол жетімді);
  4. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар салыстырып тексеру үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
  5. Соңғы 3 жылдағы дәріс оқитын пәндер бойынша кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы курстар сертификаттарының көшірмелері, білім берудегі ((бар болса) және т.б.;
  6. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Әрбір жобадағы өз рөлін көрсете отырып, соңғы 5 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) жұмыс орны бойынша куәландырылған тізімі.     

Үміткерлер сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, тілдік даярлық туралы сертификаттардың, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Құжаттарды онлайн тапсыру кезінде құжаттардың сканерленген көшірмелері ұсынылады, салыстыру үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары да университетте әңгімелесу кезінде конкурсқа ұсынылады.

Сәтбаев Университетіндегі бос орындар тізімі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар

Анкетаны жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту