Ақпарат:

18 маусым 2018 11163

Ректор аппаратының басшысы естелік медальмен марапатталды

Ректор аппаратының басшысы естелік медальмен марапатталды

2018 жылдың 14 маусымында Сәтбаев университеті Ректоры аппаратының басшысы, полковник Берік Мықтыбаев № 73625 әскери бөлімшесі қолбасшысының бұйрығымен «Жұмысшы-шаруалардың Қызыл Армиясына 100 жыл» атты медалімен марапатталды.

Аталмыш мүшелтойлық естелік медаль 2017 жылы бекітіліп, Кеңестік және Ресей армиясы қатарындағы офицерлерге жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне белсенді түрде араласып, сүбелі үлес қосқаны үшін табыс етіледі. Бұл жолғы марапаттар Отан қорғаушылар күніне орай Тәуелсіз Қазақстан армиясының негізін қалаған бұрынғы кеңестік армияға арналған ілтипаты еді. Бұған дейін Б. Мықтыбаев Сәтбаев университеті Әскери институтын бітіруші студенттердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсіміне қатысқан болатын. Ол бітірушілерге жылы лебіздерін білдіріп, Отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтады.

«Ант қабылдау рәсімі әрбір азаматқа өмірде бір-ақ рет беріледі, әрі бір ғана мемлекет алдында – өз Отаны алдында ғана ант қабылданады. Сондықтан да бұл күн әркімнің есінде мәңгі сақталады. Ал Отан алдындағы парызды, азаматтық борышты әркім өз бойына тереңірек сіңіре білуге тиіс.

Әскери институт курсанттарының бойына борыштылық сезімін ұялатып, оларды патриоттық сезімде тәрбиелеу – біз үшін аса маңызды іс болып табылады. Бұдан былай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біз жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу ісіне қойылатын талаптарды жоғарылатамыз. Әскери дайындықтан өткен курсанттар басқаның да, өзінің де алдына жоғары талаптар қояды, университет қабырғасында алған білімдерін еліміздің гүлденуіне жұмсау маңызды екенін түсінеді. Бұл мәселе жағынан Әскери іс институты университетке септігін тигізіп отыр. Оның үстіне Әскери іс институтына жаңа басшы келгеннен бері, әрі мұндағы оқу үрдісі қайта қаралып, оған өзгерістер енгізілгеннен бері әскери кафедраға оқуға түскісі келетіндер саны да артып отыр. Сондықтан да алдағы уақытта ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, біз Әскери іс институтында оқуға берілетін орын санын арттыруды қарастырамыз», – деді Б. Мықтыбаев.

Ректор аппаратының басшысы естелік медальмен марапатталды Ректор аппаратының басшысы естелік медальмен марапатталды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту