Ақпарат:

23 қазан 2022 3283

Ректор Республика күнімен құттықтайды

Ректор Республика күнімен құттықтайды

Қымбатты студенттер мен оқытушылар! Құрметті әріптестер!

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке еліміздің тәуелсіздік алуына зор үлес қосқан ұлт батырларын еске алуға арналған.

Бұдан 32 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Кеңес Одағынан тәуелсіздік алып, жеке егеменді ел ретінде қалыптасу жолында алғашқы қадам жасап, Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдаған болатын. Бұл қадам өз еліне деген риясыз сүйіспеншілікпен алға ұмтылған азаматтардың қайтпас қайсарлығының арқасында жасалған еді.

Біздің әрқайсымыз үшін Республика күні әртүрлі түсінік береді. Біреу үшін бұл мереке – тау мен алманы елестетсе, басқа біреулер үшін – қар мен көмірді елестетуі мүмкін. Ал тұтас бәріміз үшін бұл – кең байтақ, дархан дала, бай табиғат, тамырын тереңге жайған тарих пен мәдениет, қайталанбас дәстүрлер және де біздің университеттің күшімен ашылып жатқан техникалық жаңалықтар. Ендеше бұл мереке біздің жеріміздің, оның игілігі үшін еңбек етіп жүрген халықтың символына айналды.

Сіздерді осынау өте маңызды мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Барлық игі жоспарларыңыздың орындалуына, Қазақстанның гүлденуі үшін атқарып жүрген қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!  

Ізгі ниетпен,

Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту