Ақпарат:

8 мамыр 2025 268

Ректор Жеңістің 80 жылдығымен құттықтайды!

Ректор Жеңістің 80 жылдығымен құттықтайды!

Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті әріптестер, студенттер, ата-аналар!

Жеңіс күні – біздің университет үшін ерекше мереке! Қазақ тау-кен металлургия институтының студенттері мен оқытушылары соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Отан қорғау үшін тік тұрып, оқу кабинеттерінен тікелей майданға аттанған еді. Олардың алтауы Кеңес Одағының Батыры атанды. Десек те, біздің Политех студенттерінің Жеңіске қосқан үлесі тек шайқас алаңында ғана болған жоқ: аты аңызға айналған әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев пен оның жолдастары соғыс жылдарында Жезқазған өңірінде марганец өндіруді жолға қойып, еліміздің қару-жарақ өнеркәсібін танк бронына қажетті негізгі ресурспен және беріктігі жоғары болатпен қамтамасыз етті.

Бүгінгі бейбіт аспанымыз үшін сол жеңімпаз аға ұрпаққа алғыс білдіреміз. Олардың қайсарлығы, ержүректілігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі бізге ғылымды дамыта отырып, инженер-ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеп шығаруға күш береді. Сол қанды майданда шайқасып, танктерге арнап қару-жарақ жасаған, Жеңіске жету үшін ғылыми зертханалар мен шахталарда күндіз-түні ерінбей еңбек еткен жандардың барлығын біз бүгін құрметпен еске аламыз.

Жеңіс күні құтты болсын! Сіздерге денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен аманшылық тілеймін, әрі халқымыз бен университетіміздің ұлы тарихын мақтан етемін! Ерлік туралы бұл естелік еліміздің өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге бізді шабыттандыра берсін!

Құрметпен, 
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту