20 наурыз 2024 4308

Ректордың 2024 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтауы!

Ректордың 2024 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтауы!

Қымбатты студенттер! Құрметті әріптестер!

Наурыз мейрамы – ерте заманнан бері ұрпақтарды бір-бірімен байланыстырушы, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік пен бірліктің символы, әрі көктемгі жаңару мен жасару мерзімінің басталғанын ризашылықпен қарсы алатын көңілді шақ.

Ал биылғы мерекені біз барлық дәстүрімізбен ерекше тойлау үстіндеміз. Өйткені ұлттық мәдениетке, отбасылық құндылықтарға, тәуелсіздік пен отансүйгіштікке, қажырлы еңбек пен кәсібилікке арқа сүйеу бізге, қазақстандықтарға сеніммен алға қарап, ауқымды өзгерістер жасауға және оларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ұлыстың ұлы күні – көктемгі Наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, аманшылық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Бұл күн сіздерге жаңа бақыт, жаңа шабыт, мол қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту