12 сәуір 2020 5094

Ректордың Ғылым күніне арналған құттықтауы

Ректордың Ғылым күніне арналған құттықтауы
Rector of Satbayev University Iskander Beyssembetov

Қымбатты әріптестер, ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар!

Сіздерді кәсіби мерекеміз – Ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке Сәтбаев Университеті үшін ерекше болып саналады, өйткені бұл тек әрқайсымыздың ісімізге ғана қатысты емес, сондай-ақ университетіміздің кірпішін қалап, оның дамуына зор үлес қосқан белгілі кемеңгер тұлға – Қазақстан ғылымының көшбасшысы, Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімімен де тығыз байланысты. Сондықтан да мен Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен қуана құттықтаймын!

Сіздердің қажымас еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанның ғылыми әлеуеті өте қарқынды дамуда. Республикамыздың технологиялық ілгерілеуіне қосқан үлестеріңіз үшін зор алғыс айтамын. Онсыз экономикада, денсаулық сақтау саласында да немесе халықаралық аренада жетістікке жету мүмкін емес.

Сіздерге жемісті еңбек,  мол табыс тілеймін! Жаңа жетістіктерге жетіп, әлемдік ғылыми журналдар бетінен көріне беріңіздер! Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту