8 қараша 2019 6451

Робототехника бойынша Almaty Roboman-2019/2020 үшінші турнирі өтеді

Робототехника бойынша Almaty Roboman-2019/2020 үшінші турнирі өтеді

Алматы қаласында 09 қараша күні АТФ (TechGarden) Event-zone ІТ-квартал алаңында робототехника бойынша өтетін 3-турнирдің финалына шақырамыз.

Командаларды тіркеу – 9.00-де басталады, ал жарыстың басталуы – 10.00. Жарыс өтетін мекенжай: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 135/10а, Амангелді көшесінің қиылысы, 5-қабат.

Almaty Roboman жарысының бірінші турнирі 2017 жылы 31 желтоқсанда Алматыдағы Оқушылар сарайында өткен болатын; екіншісі – бір жылдан кейін №134 лицейде өтті.

Қазақстан Республикасында алғаш рет European Robotics Week Ұлттық финал дәрежесінде өтейін деп отырған Almaty Roboman-2019/2020 жарысының осы 3-турниріне 2 қарашада Сәтбаев университеті мен №134 лицейде өткен іріктеу турнирінде жеңіске жеткен командалар қатысады.

Жарыстың бірінші кезеңдеріне 217 жобалық командалар, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарының 37 оқу орнынан келген 300-ден аса оқушылар мен колледж студенттері қатысқан болатын. Сол жолы Сәтбаев университетінің командасы тамаша ойын көрсетіп, финалға шыққан еді.

Жарыстың жобалық командалар құрамында Алматы қаласы білім беру басқармасының, ҚР ЖОО ассоциациясының, Сәтбаев университетінің, Microsoft Қазақстан және басқа да компаниялардың  өкілдері бар.    

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту