«Сандық Қазақстан» III Халықаралық инновациялық форумын «Сандық Қазақстан: XXI ғасырдағы қала құрылысы жүйелерінің тұрақты дамуы» III Халықаралық инновациялық форум
Satbayev University Халықаралық сәулет академиясының (ҚазМААМ) Қазақстан академиялық орталығының, AUTODESK Халықаралық компаниясының қолдауымен 2019 жылы 10–11 сәуір күндері «Сандық Қазақстан: XXI ғасырдағы қала құрылысы жүйелерінің тұрақты дамуы» III Халықаралық инновациялық форумын өткізеді.
Форумның негізгі мақсаты – цифрлық технологияларды қолдана отырып, тұрақты даму қағидаттарын қалаларды жоспарлау және салу тәжірибесіне енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін сарапшылар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан пікірталас алаңын құру.
Күтілетін нәтижелер – талқыланатын мәселелерді шешуде мамандар, мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыстарды қалыптастыру және форум қорытындысы бойынша декларация қабылдау.
Форум жұмысына қатысу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР қалалары мен аймақтарының әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан, РФ, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Малайзия, Корея Республикасының және бірқатар еуропалық мемлекеттердің сарапшылары шақырылады.
Форум бағдарламасы (2019 ж. 10 сәуірде) негізгі спикерлердің сөз сөйлеуімен пленарлық отырысты және келесі бағыттар бойынша секциялар жұмысын қарастырады:
- Қала құрылысы жүйесінің тұрақты дамуы – заманауи үрдістер;
- Ақылды қала және сандық технологиялар;
- Мәдени мұра тұрақты даму факторы ретінде.
Сонымен қатар екінші күні қорытынды шығару және декларацияны бекіту үшін Дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Сәулет-құрылыс саласында жұмыс істейтін жобалаушыларды, ғалымдарды, оқытушыларды, ЖОО докторанттары мен магистранттарын, менеджерлерді, БАҚ өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды форумның жұмысына қатысуға шақырамыз.
Форум қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады.
Өтетін орны: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, Масанчи көшесінің қиылысы (ҚазҰТЗУ), акт залы, 2-қабат.
Басты ұйымдастырушылар: Халықаралық сәулет академиясы, Т. Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институты және AUTODESK халықаралық компаниясы.
Өтінім және баяндаманың электрондық нұсқасы ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына электронды пошта арқылы жіберіледі: digitalkz@bk.ru, байланыс тел.: 8-727-257-71-91, ішкі: 71-91, 73-95.