Ақпарат:

10 ақпан 2021 4884

Сәпиенза университетінде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ашық

Сәпиенза университетінде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ашық

Erasmus+ бағдарламасы аясында магистранттар үшін халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Сапиенца университетінде (Sapienza University) білім алу конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау ашылды.

Академиялық жыл: 2021-2022 ж.ж.
Семестр: Күзгі
Мемлекет: Италия

Стипендиялар саны: Қазақстан үшін 4 грант. Байқау Сәтпаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз Университеті және халықаралық білім беру корпорациясы арасында өткізіледі.

Оқыту тілі: ағылшын.

Сәтпаев университеті тарапынан үміткерлердің кандидатураларын ұсынудың соңғы мерзімі -15 наурыз, 2021 ж.

Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарды онлайн тапсыруының соңғы мерзімі-31 наурыз, 2021 жыл.

Қажетті құжаттар:

  1. CV (түйіндеме)
  2. Мотивациялық хат
  3. Ресми транскрипт
  4. Магистрант Сапиенца университетінде оқығысы келетін пәндердің толық тізімін, берілген академиялық пәндер арасында оқуға арналған келісімді (Learning Agreement) немесе зерттеу тақырыбын төмендегі сілтеме бойынша таңдауы қажет (пәнді таңдау кезінде тіл мен семестрге назар аударыңыз. Сіз бірінші семестрді таңдауыңыз керек). Курстарды кафедра меңгерушісімен жеке талқылап, бекітуі және Сәтпаев университеті пәндерімен салыстыруы тиіс.
  5. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат – IELTS, TOEFL, Cambridge немесе Сәтпаев университетінің Ағылшын тілі кафедрасы берген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа - B2 немесе одан жоғары болуы керек.

Сапиенца университеті пәндерінің толық тізімін келесі.

2021/2022 оқу жылы ресми түрде 1 қазанда басталады. Алайда, оқыту кестесі әр факультетте әртүрлі болады: студенттерге оларды қабылдайтын факультеттің әкімшілік кеңсесінен белгілі бір академиялық күнтізбені сұрау ұсынылады.

Жүктеу және толтыру үшін құжаттар:

 

Қажетті құжаттардың толық пакеті international_office@satbayev электрондық поштасына “Sapienza University Application” тақырыбымен 15 наурыз сағат 14:00-ден кешіктірілмей  жіберілуі тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 727 320 40 19.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту