Ақпарат:

9 желтоқсан 2017 10946

SatbayevUniversity ғалымдары халықаралық деңгейде

SatbayevUniversity ғалымдары халықаралық деңгейде

Химиялық және биологиялық технологиялар институтының «Химиялық технологиялар» кафедрасының профессоры Зазыбин А.Г. 2017 жылдың 24-27 қазан аралығында Santiago de Compostela университетінде (Испания) өткен «Иондық сұйықтық негізіндегі материалдар» (ILMAT IV)  атты IV халықаралық конференциясына қатысты.

Бұл конференция өз саласында жұмыс істейтін мамандардың иондық сұйықтықтарды синтездеу және қолдану аясындағы жұмыстарымен бөлісу және ой алмасуға мүмкіндік беретін реті бойынша төртінші конференция болып табылады. Алдынғы 3 конференция Венада (2011), Монпельеде (2013) және Берлинде (2015) өткен болатын, келесі конференция 2019 жылы Парижде болады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда иондық сұйықтықтар лабораориялық және өндірістік масштабта өз қолдану аясын кеңейтіп жатыр. 2013 жылы PetroChina компаниясы иондық сұйықтықтарды алкилдеу процесінде қолданылатын алғашқы мұнайхимиялық кәсіпорын  ашты. Бұл кәсіпорында иондық сұйықтықтар орта ретінде және катализатор ретінде изобутан мен изобутиленнен жылына 65 000 тонна бензин алуға пайдаланылады. 

Иондық сұйықтықтарды зерттеу Сәтбаев Университетінде профессор Зазыбиннің тобында, қызметкерлердің (сеньор-лектор Рафикова Х.С.) және студенттер мен магистранттардың қатысуымен белсенді түрде жүріп жатыр. Қазіргі кезде иондық сұйықтықтар негізінде алынған катализаторларды қолдану және жаңа биологиялық белсенділікке ие иондық сұйықтарды дайындау жобалары жүзеге асуда.

 Профессор Зазыбин А.Г. конференцияда баяндамамен сөз сөйледі, онда ол ионды сұйықтықтардың синтезі және биологиялық белсенділігі саласындағы зерттеулері туралы баяндады. Жұмыс барысында оның зерттеу тобы синтездеген иондық сұйықтықтардың жергілікті анестетикалық белсенділікке ие екені, активтілігі және әсер ету ұзақтығы бойынша қазір қолданылатын молекулярлы (ионды емес) аналогтарына қарағанда анағұрлым асатыны анықталды. Баяндама ғалымдар арасында қызығушылық тудырып, әрі қарай Сәтбаев Университеті мен Сан-Хорке Университеті (Испания) арасында иондық сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін байланыс жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту