Ақпарат:

17 сәуір 2026 79

Сатпаев университеті 17-ші Ұлттық студенттерге арналған геологиялық олимпиадаға қатысуға студенттерді шақырады

Сатпаев университеті 17-ші Ұлттық студенттерге арналған геологиялық олимпиадаға қатысуға студенттерді шақырады

Сатпаев университеті Қазақстандағы жоғары оқу орындарының студенттерін 17-ші Ұлттық студенттерге арналған пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне келесі оқу бағдарламалары бойынша қатысуға шақырады: «Қолданбалы геология» және «Минералдық кен орындарын геологиялық барлау». Олимпиада Сатпаев университетінде бетпе-бет форматта өтеді.

Өз университеттерінде олимпиаданың бірінші кезеңін сәтті өткен студенттер қатысуға шақырылады. Әрбір оқу орны 3 қатысушыдан (қазақ және орыс топтарынан) асырамай ұсына алады. Іс-шара тілдері: қазақ, орыс 

Олимпиада бағдарламасы

  • Жалпы және тарихи геология (тест сұрақтары) 
  • Құрылымдық геология (картамен жұмыс және қима құру) 
  • Кристаллография және минералогия (кристалл пішіндері және минералдар) 

Өтетін күні мен орны

3 мамыр – Олимпиаданың ашылуы (Чарын шатқалы)
4 мамыр – Олимпиада, жабылу салтанаты және марапаттау (Сәтпаев университеті)

Өтінімдер 2026 жылғы 28 сәуірге дейін (қоса алғанда) s.baitukha@satbayev.university электрондық поштасына қабылданады. Өтінімді жібергеннен кейін электрондық поштамен туындауы мүмкін техникалық мәселелерді болдырмау үшін қатысуыңызды +7 747 0629839 (Сая Батуха) телефоны арқылы растаңыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту