Ақпарат:

14 сәуір 2021 3211

Сәтпаев университетінде «XXI ғасырдағы сәулет білімі: жаһандық тенденциялар мен аймақтық ерекшеліктер» атты конференция өткізілді

Сәтпаев университетінде «XXI ғасырдағы сәулет білімі: жаһандық тенденциялар мен аймақтық ерекшеліктер» атты конференция өткізілді

12 сәуір 2021 ж. Қ.И Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) Қазақстандағы сәулет білімінің 60 жылдығына арналған IV Халықаралық инновациялық форум-фестиваль аясында «XXI ғасырдағы сәулет білімі: жаһандық тенденциялар мен аймақтық ерекшеліктер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді. Іс-шара Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтымен және Халықаралық Сәулет академиясының Қазақстандық академиялық орталығының (ХСА) ұйымдастыруымен, Болат Куспангалиевтің жетекшілігімен өтті.

Конференция түрлі елдердің сәулет мектептерінің өкілдерін кәсіби сәулет білімінің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылау үшін виртуалды алаңда жинады. Спикерлер мен қатысушылар заманауи сәулет-құрылыс саласының жаңа сын-қатерлерін ескере отырып, жаңа оқу траекторияларын әзірлеу тәжірибесімен бөліседі.

Пленарлық мәжілісте өз ойларымен келесі мамандар пікір алмасты: Яков Чернихов атындағы Халықаралық Фондтың президенті, МААМ академиясының академигі Андрей Чернихов (Ресей), Ресей сәулет және құрылыс Ғылымдары Академиясының кеңесшісі Бесолов Владимир (Ресей), Мәскеу сәулет институтының профессоры Кияненко Константин (Ресей), "Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті" ғылыми-зерттеу университетінің профессоры Анисимова Юрий және Людмила (Ресей), Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университетінің профессоры. Н. Исанова (КГУСТА) Иманкулов Джумамедель (Қырғызстан), академик М.С. Осими атындағы Тәжік техникалық университетінің профессоры Мукимов Рустам (Тәжікстан), "Sergio Ferrandi Bureau" (БЕРГАМО) директоры Серджио Ферранди (Италия), Satbayev University профессоры Абилов Алексей (Қазақстан), ҚазБСҚА ХОК сәулет факультетінің деканы Глаудинова Мехрибану (Қазақстан), “АлматыБасЖоспар” ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Ибрагимова Куралай (Қазақстан), Алматы облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дәркенбаев Тәңірберген (Қазақстан) және басқалар қатысты.

Конференция бағдарламасына пленарлық отырыс, «Құрылыс инженериясындағы кәсіби білім беру» секциясының жұмысы және XXI ғасырдағы сәулет біліміне өзекті көзқарас бойынша декларацияны талқылау және қабылдау бойынша дөңгелек үстел жүргізілді.

Декларацияда, атап айтқанда, форум мүшелері сәулетшілер, қала салушылар, дизайнерлерді даярлауға тартылған түрлі елдердің мамандары қызметінің идеяларымен, әдістемелерімен және практикалық нәтижелерімен алмасудың жемісті болғанын атап өтті. Сәулет білімін жаңарту және жетілдіру бойынша қатысушылар қоғам өмірінің барлық салаларының жаһандану процесіне байланысты бірқатар ұсыныстар қабылдады, сонымен бірге елдің мәдениетте, атап айтқанда архитектурада ұлттық бірегейлікті іздеуге ұмтылды. Жас мамандардың мәртебесі мен кәсіби ортада үйрену жағдайлары бойынша сұрақтар қарастырылды. Сәулетшілерді оқыту мен практикалық қызметте цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысы бойынша қабылданған Декларация форумда ұсынылған елдердің жоғары кәсіптік білімге жетекшілік ететін тиісті министрліктері мен ұйымдарына жіберілетін болады.

В Satbayev University прошла «Архитектурное образование в XXI веке: глобальные тенденции и региональные особенности»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту