24 қазан 2023 1546

Сәтті мансап: Сәтбаев университетінің бакалавриат түлектері Қытайда тағылымдамадан өтуде

Сәтті мансап: Сәтбаев университетінің бакалавриат түлектері Қытайда тағылымдамадан өтуде

Политехникалық студенттерінің көпшілігі оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасады, олардың арасында вольфрам кенін өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатын салынып жатқан Қазақстандық «Жетісу вольфрам» ЖШС компаниясынан ұсыныс алған биылғы бакалавриат түлектеріде бар. Іріктеу кезеңінен өткен 13 жас инженер-геологтың, металлургтердің, кеншілер мен энергетиктердің ішінен 10 түлектерімізді, жаңа жұмыс беруші Қытайға металл өндіру технологиясын үйренуге және ашық әдіспен кен өндіру карьеріне бару үшін тағылымдамадан өтуге жіберді. 

Жас мамандар Қытай Халық Республикасының жетекші өнеркәсіп орталығы «Jiangxi мыс корпорациясы» компаниялар тобына кіретін Dexing мыс кенішінде тағылымдамадан өтуде. Бұл үлкен холдинг, Қытайдағы шикізат өндіруге және мыс, асыл және сирек жер металдарын өңдеуге маманданған ірі компаниялардың бірі. Штаб-пәтері тағылымдама өтетін Нанчан қаласында (Цзянсу провинциясы) орналасқан. 

— Тәжірибе өте қызықты және мазмұнды болды. Біз өзіміз үшін көптеген құнды ақпарат алдық. Компания қызметкерлері бізге барлық процестерді түсіндіріп, өз білімдерімен бөлісті. Цехтар мен зауыттарда тәжірибеден басқа, Қытайда да уақытымызды тамаша өткіздік. Еліміздің бес түрлі қаласында болып, жергілікті жердің көрікті жерлерін көріп, көптеген жағымды эмоциялар алдық», - дейді пайдалы қазбаларды өңдеу бойынша жас маман Қымбат Ермағамбетова. 

Сапар бір айға созылды. Тағылымдама аясында университет түлектері бас кеңседе болып, компания басшылығымен және осы ғажайып елдің мәдениетімен танысты. Негізгі тәжірибе Dexing мыс кенішінің зауыттарында өтеді. Студенттер Dimine жұмыс бағдарламасымен және жаңа байыту технологияларымен танысып, шеберханаларда ұсақтау процесін көрді. 

Түлектер мамандығы бойынша дамуды жалғастыруды жоспарлап отыр – бұдан да жоғары сұранысқа ие маман болу үшін делегация құрамындағы 8 адам Сәтбаев университетінің магистратурасына оқуға түсті. Оларға сәттілік тілей отырып, тез арада маман дәрежесіне жетіп, кәсіпте қалыптасады деп сенеміз. Ал Сәтбаев университеті оларға бұл үшін барын салады. 

Сәтті мансап: Сәтбаев университетінің бакалавриат түлектері Қытайда тағылымдамадан өтуде

Сәтті мансап: Сәтбаев университетінің бакалавриат түлектері Қытайда тағылымдамадан өтуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту