Ақпарат:

15 қараша 2023 3563

Саясат Нұрбек Қазақстанның студенттік омбудсмендерімен кездесті

Саясат Нұрбек Қазақстанның студенттік омбудсмендерімен кездесті

Халықаралық Студенттер күні қарсаңында Cәтбаев Университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен министрлік жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес өкілдерінің кездесуі өтті. Ресми және шығармашылық бөлімдерге бөлінген кездесу аталмыш Кеңестің ІІІ отырысы аясында өтіп, кең бағдарламаны қамтыды.

Кездесуге Республикалық студенттер кеңесінің мүшелері, Қазақстан студенттері альянсының аймақтық төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және аймақтық студенттік омбудсмендер қатысты.

Саясат Нурбек встретился со студенческими омбудсменами Казахстана

Кездесу барысында министр белсенді жастар мен студенттердің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендердің алдында сөз сөйлеп, студенттік кезең – нағыз тамаша уақыт екенін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде жастар оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартапта да өз-өзінің потенциалын жүзеге асыра алады.

«Құрметті студенттер, бүгін сіздерде өз-өздеріңізді жан-жақты дамыту үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Біздің жастар өте шығармашыл, талантты, білімді екенін айта кету керек. Сол білімді дұрыс жолға бағыттап, одан ақпараттық әрі сапалы контент жасау керек. Соңғы жылдары қазақстандық жас ғалымдар тамаша ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, өмірдің әртүрлі салаларында жаңалықтар ашты. Біздің міндетіміз – сіздерге, студенттерге өз әлеуеттеріңізді іске асыруға, бойдағы таланттарыңыз бен шыққан ғылыми нәтижелерді қалың жұртшылыққа таныстыруға барынша жағдай жасау», - деді Саясат Нұрбек.

Саясат Нурбек встретился со студенческими омбудсменами Казахстана

Саясат Нурбек встретился со студенческими омбудсменами Казахстана

Саясат Нурбек встретился со студенческими омбудсменами Казахстана

Кеңес отырысының ресми бөлігі кезінде ведомство басшысы өңірлік омбудсмендерге алғыс хаттар табыстап, жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Белсенді омбудсмендер Ұлан Нәукен, Сабыржан Қуандық, Аружан Бахитова және Дархан Байпақ студенттік омбудсмен ретіндегі қызметтеріне тоқталып, ішкі туризмді дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақ пен жастар арасында қаржылық сауаттылықты таратудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Студенттік омбудсмен институты құрылған болатын. Ағымдағы жылдың тамыз айында еліміздің әр өңірінде өңірлік омбудсмендер сайланды. Студенттердің құқықтары жөніндегі омбудсмендер студенттердің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін, оқу мәселелерін шешеді, сонымен қатар университеттің білім алушыларына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау жөнінде мониторингтік іс-шараларды жүргізеді.

Студенттік кеңес ашық микрофонмен және студенттік омбудсмендерге сертификаттар тапсыру рәсімімен аяқталды.

Шығармашылық бөлім аясында «Медеу» мұз айдынында TEDx форматында тренингтер, зияткерлік сайыстар мен мерекелік іс-шаралар өтеді.

Саясат Нурбек встретился со студенческими омбудсменами Казахстана

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту