Ақпарат:

23 мамыр 2023 4976

Сен қандай іспен айналыссаң да – ІТ саласында жұмыс істейсің: Сәтбаев Университеті Тимур Турловпен кездесті

Сен қандай іспен айналыссаң да – ІТ саласында жұмыс істейсің: Сәтбаев Университеті Тимур Турловпен кездесті

23 мамыр күні Сәтбаев Университетінде өткен SUTalks іс-шарасында белгілі кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp. компаниясының атқарушы директоры Тимур Турлов сөз сөйлеп, студенттер мен оқытушыларға Қазақстандағы кәсіпкерлікке деген көзқарасы туралы айтып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара тек стартап пен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттердің ғана емес, сондай-ақ оқытушылардың да назарын өзіне аударды, бұл жеке табыс пен байлыққа қызығушылық танытатын әрбір адам үшін пайдалы тәжірибе болды. Кәсіпкер қазіргі заманда табысқа жету жолындағы тәжірибесімен және жеке ойларымен бөлісті. Табыс табудың басты факторы – терең білім мен кәсіби біліктілік деп санайды Тимур Русланұлы.

– Алдағы отыз жылда кез келген елдің байлығы тек азаматтардың интеллектуалдық әлеуетіне байланысты анықталатынына мен толық сенемін, – деді Тимур Русланұлы кездесуде. – Егер біз қазірден бастап балаларымыз бен немерелерімізге жақсы білім бере алатын болсақ, біз әлдеқайда бай боламыз.

Тимур Турлов сондай-ақ қазіргі заманда компьютерлік сауаттылық – табыс көзінің басты дағдыларының бірі болып табылатынын атап өтті, өйткені автоматтандыру мен цифрландыру адам қызметінің барлық саласына еніп барады. Заманауи технологиялардың күрделілігіне толық бейімделіп, оларды игеріп, пайдалануды үйреніп, жаңа технология әлі қолданылмайтын жерлерге оларды енгізе алатын жандар қалай да жақсы табыс таба алады.

Сен қандай іспен айналыссаң да – ІТ саласы бойынша жұмыс істейсің:
Сәтбаев Университеті Тимур Турловпен кездесті

Алайда табыс табудың құпиясы тек ІТ саласын меңгерумен шектелмейді:

– Шындығында, қазір лингвистикадан бастап, зымыран жасау ғылымына дейінгі әртүрлі салаларда тек кіші кәсіби мамандар ғана қажет, – дейді Турлов, – олар өз саласымен қатар IT-технологияларды да білуі тиіс. Өйткені қазір бағдарламалауды білетін адамдар өте көп. Бірақ сіздің бизнесіңізді терең түсініп, оны жақсы бағдарламалауды білетін және сонымен бірге, мысалы, зымырандардың құрылысын да білетін әзірлеушілер өте сирек кездеседі. Сондықтан да өз мамандығымен қатар ІТ саласын қоса түсінетін банкирлер қатардағы бағдарламашылардан әлдеқайда құнды болып отыр.

Кездесу соңында студенттер стартапты қалай қаржыландыруға болатынын және болашақ инвесторлар не нәрсеге баса назар аударуы керектігі туралы сұрады. Турловтың ойынша, табысты бизнес құру үшін, салауатты өмір салты, әр іске жауапкершілік және терең білім инвестициядан гөрі әлдеқайда маңызды. Егер де кәсіпкер халық үшін құнды заттарды жасауды білсе және оның мықты командасы болса, ол кез келген жағдайда табысқа жете алады.

Дәріс оқып біткеннен кейін қадірлі қонақ үшін университет ішіне және жаңа зертханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Кездесуде Сәтбаев Университетінің түлегі Алмас Сағынұлы модератор болды.

Сен қандай іспен айналыссаң да – ІТ саласы бойынша жұмыс істейсің:
Сәтбаев Университеті Тимур Турловпен кездесті

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту