19 сәуір 2017 10012

Серіктестік туралы келісімге қол қойылды

Серіктестік туралы келісімге қол қойылды

Үстіміздегі жылы 21 наурыз күні Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Берлин техникалық университеті арасында ERASMUS + бағдарламасы, «Космос кеңістігін игеру және роботталған интеллектуалдық жүйелер жөніндегі қолданбалы оқу бағдарламасының» APPLE жобасы бойынша ынтымақтастық серіктестік жөніндегі келісімге (№ 573545-EPP-1-2016-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP) қол қойылды. Бұл жобаны 2017 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қазан айлары аралығында орындау жоспарланып отыр.

Бағдарламаның мақсаты – космос кеңістігін зерттеу мен пайдалану жөнінде жоғары білім беру саласын дамытуға, роботталған интеллектуалдық жүйелерге еңбек нарығының талаптарына сай оқу бағдарламасын енгізе отырып қолдау көрсету.

Берлин техникалық университеті Европалық одақ тарапынан жобаның жалғыз үйлестіруші болып танылды; со-бенефициарлары – Европа мен Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтың жоғары оқу орындары:

Kazakh National Research Technical University (KZ), Al-Farabi Kazakh National University (KZ),), Almaty University of Power Engineering and Telecommunication (KZ), L.N. Gumilev Eurasian National University (KZ), Université Pierre et Marie Curie (FR), Institute Thomas More (BE), ECM Space Technologies GmbH (DE), Riga Technical University (LV), Tallinn University of Technology (EE), Belarusian State University (BY), Belarusian National Technical University (BY), Belarusian State University of Informatics and Radioelectronics (BY), Peter the Great St.Petersburg Polytechnic University (RF), Southwest State University Kursk (RF), Ural Federal University (RF), Siberian Federal University (RF).

Ал Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тарапынан жобаның үйлестірушісі болып «Космос құралдарын пайдалану» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Бағдат Сүйменбаев тағайындалды. Байланыс тел.: 8 727 255 8378, моб. 7 707 780 55.94. E-mail: b.suimenbayev@gmail.com

конференция

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту