Ақпарат:

12 маусым 2025 253

Сейсмологиялық тапсырмаларды шешу саласында біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз

Сейсмологиялық тапсырмаларды шешу саласында біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз

Геофизика және сейсмология кафедрасы «Сейсмологиялық тапсырмаларды шешу кезінде геофизикалық мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау мамандарын даярлау» бағытында біліктілікті арттыру курстары сериясын өткізеді. Бұл курс 2024-2026 жылдарға арналған «Қазақстан облыстары мен қалаларының аумақтарындағы сейсмикалық қауіп-қатерді заманауи ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» атты бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылады.

Лектор: Петровский Виталий Борисович, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, халықаралық бизнес-тренер.

Тақырыптар: «Жерді қашықтықтан зондтау заманауи технологиялары» және «Сейсмология тапсырмаларын шешуде геопотенциалдық өрістерді зерттеу әдістері».

Курстарға шақырылады:

  • геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулермен айналысатын компания бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
  • геофизика және сейсмология мамандығы бойынша оқытушылар, магистранттар және докторанттар;
  • бұрын бұл курсты кәсіби түрде оқымаған, кен ресурстарын пайдалану және байланысты салалардағы мультидисциплинарлы командалардың мамандары, оқытушылары, магистранттары мен докторанттары.

Барлық Satbayev University қызметкерлері: оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және басқа кафедралар мен ғылыми орталықтардың қызметкерлері ғылыми және практикалық тапсырмаларды шешу кезінде сейсмологиялық зерттеулердің заманауи технологиялары бойынша қосымша білім алуға шақырылады.

Күні мен уақыты: 2025 жылғы 16-20 маусым, күн сайын сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Оқу форматы: онлайн. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша Геофизика және сейсмология кафедрасына хабарласыңыздар: телефондар +7 701 403 5744, +7 777 225 0346, +7 701 750 9436.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту