Шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурсқа Satbayev University қатысуы және жеңісі
![Шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурсқа Satbayev University қатысуы және жеңісі](/file/2024/04/17/d2fd57/_793-446.jpg)
2024 жылғы 12 сәуірде «Алматыгенплан» ҒЗИ ғимаратында шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде жариялау және марапаттау рәсімі өтті. Бұл маңызды іс-шараны Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы мен Archiforma Group ұйымдастырды.
Конкурсқа қатысушыларға үш номинацияның бірі бойынша шағын сәулет нысандарының эскиздік жобасын жасау ұсынылды:
- Заманауи сыртқы жиһаздар жинағы;
- Түркі стиліндегі көше жиһаздарының жинағы;
- Ұлттық стильдегі заманауи өнер нысаны.
Байқаудың қазылар алқасына сәулет қоғамының көрнекті өкілдері кірді:
- Құспанғалиев Болат Урайханұлы – ҚР құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Satbayev University сәулет институтының директоры;
- Әбдірасилова Гүлнара Сейдахметқызы – ҚР құрметті сәулетшісі, сәулет докторы, ҚазБСҚА академиялық профессоры;
- Татығұлов Айдар Әбдісағытұлы – Сәулетшілер одағының бірінші вице-президенті, "KAZGOR" Жобалау академиясының президенті;
- Федянин Антон – «KAZGOR» жобалық Академиясының және Қазақстан Сәулетшілер одағының өкілі;
- Бекзат Аманжол – Levelstudio сәулет студиясының негізін қалаушы;
- Манаев Қайрат Даркшевич – Archiforma Group бас сәулетшісі.
Байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан 60-тан астам жоба ұсынылды. Байқау жеңімпаздарының бірі «Сәулет» кафедрасының аға оқытушысы Яскевич Владимир болды, ол «Заманауи көше жиһаздарының коллекциясы» номинациясында 1 орынды және «Түркі стиліндегі көше жиһаздарының коллекциясы» номинациясында 3 орынды иеленді.
Сәулет әлеміндегі осы маңызды оқиғаның барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!