22 қаңтар 2020 8298

Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақыға конкурс жарияланды

Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақыға конкурс жарияланды

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ай сайын 27 000 теңгеден берілетін 25 студенттік шәкіртақыға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушылар: Қазақстан Республикасы университеттерінің бакалавриатында 2-3 курстарда оқитын, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша магистратураның немесе интернатураның 1-курсында оқитын, жасы 18-ден жоғары студенттер.   

Грант саны: 25.

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін үміткерлер аталмыш қордың сайтында берілген онлайн-өтінішті толтырады және оған қосымша мына құжаттарды тапсырады:

  • Жеке куәліктің сканерден өткізілген көшірмесі;
  • «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істей аламын? Сіз үшін не өте маңызды және неге?» атты тақырыпта жазылған эссе (эссе тек қана жазбаша түрде болуы керек);
  • Студенттің білімін көрсететін транскрипт (ең төменгі орташа GPA балл 3,0 болу керек);
  • Магистратура студенттері жоғары білімі туралы диплом көшірмесін (бакалавр, мамандығы) тапсырады;
  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар (2-ден көп емес);
  • Әлеуметтік белсенділігі немесе еріктілер қатарында болғандығы туралы сертификат (3-тен көп емес);
  • Жарияланымдары – (2-ден көп емес).

Ғылыми-білім беру қоры қарастыратын сертификаттар саны шектеулі. Үміткер өзінің жоғары жетістіктерін дәлелдейтін сертификаттарды өзі таңдап алуы тиіс.

Құжат тапсыру мерзімі – 20.02.2020 ж. дейін. Қабылдау уақыты 2020 жылдың 20 ақпанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-де аяқталады (GMT+6).

Конкурс парақшасы

Өтініш тапсыру

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту