Ақпарат:

6 қыркүйек 2024 284

Шексіз инновациялар: Satbayev University мен Hof University ынтымақтастық бағдарламаларын ашуда

Шексіз инновациялар: Satbayev University мен Hof University ынтымақтастық бағдарламаларын ашуда

Hof University of Applied Sciences (Германия) университетінің өкілдері Еуразиядағы алғашқы техникалық университеттің ғылыми әлеуетімен танысу үшін Сәтбаев Университетіне келді. Компьютерлік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Андре Бахман бастаған делегацияны Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев қарсы алды.

Кездесу барысында екі университеттің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын бірқатар маңызды жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді. Ақпараттық технологиялар саласы бойынша қос дипломдық бағдарламаларды және студенттік тағылымдамаларды, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастыру бағдарламаларын әзірлеуге көп көңіл бөлінді, бұл жоғары мамандандырылған мамандардың білімін халықаралық деңгейде тәжірибеде қолдануға бірегей мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптар екі университеттің ресурстары мен ғылыми қорын біріктіруге көмектесетін бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөнінде талқылады.

Бұл 2024 жылдың сәуірінен бері Сәтбаев Университеті мен Хоф Университеті арасында академиялық ұтқырлық пен студенттермен өзара алмасу жөніндегі ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойған екінші кездесу болып отыр. Нәтижесінде қыркүйек айында бірқатар қазақстандық студенттер Германияда оқуын бастады. Ал Сәтбаев Университеті өз тарапынан неміс серіктес университетінің оқытушыларын, магистранттары мен жас ғалымдарды қабылдады. Олар оқу жағдайлары мен IT саласының ерекшеліктерін бағалауға келді, сөйтіп оған өздері де кейін қосылмақшы. Академиялық бағдарламалармен қатар делегаттарды тіл курстары да қатты қызықтырды: мұнда қазақ және ағылшын тілдерімен қатар қытай және корей тілдері де оқытылады.

Сәтбаев Университеті – Қазақстандағы ең беделді халықаралық университеттердің бірі, оның есігі барлық елдерден келген студенттерге әрдайым ашық, ал мұндағы атмосфера – мейірімді әрі жылы. Германиядан келген жас бағдарламашылар оны жоғары бағалады.

Ендігі кезек – алдымен Computer Science бағыты бойынша қос дипломдық білім беру бағдарламасын іске қосу, содан кейін басқа бағыттар да іске қосылады.

Германия өкілдерінің Қазақстанға сапары Сәтбаев Университеті мен Hof University of Applied Sciences университеті арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуда, студенттер мен оқытушылар үшін академиялық және кәсіби өсудің жаңа көкжиектерін ашуда тағы бір шешуші қадам болды.

Хоф қолданбалы ғылымдар университеті (Hof University of Applied Sciences)Германиядағы қолданбалы ғылымдар бойынша жетекші университеттердің бірі болып табылады. Бұл университет сапалы білім беру және әртүрлі салалар бойынша инновациялық зерттеулер жүргізу орталығы ретінде тез танымал болды. Ол – өнеркәсіп пен бизнестегі практикалық мәселелерді қарастыратын қолданбалы зерттеулерімен танымал және студенттерге нақты жұмыс тәжірибесін қамтитын тәжірибеге бағытталған бағдарламаларды ұсына отырып, оларды алдағы жұмысқа даярлау бойынша маманданған оқу орны. Университетте шетелдік студенттерге қолдау көрсететін және олардың академиялық ортаға сәтті түрде интеграциялануына ықпал ететін Халықаралық кеңсе бюросы құрылған.

Шексіз инновациялар: Satbayev University мен Hof University ынтымақтастық бағдарламаларын ашуда

Шексіз инновациялар: Satbayev University мен Hof University ынтымақтастық бағдарламаларын ашуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту