25 сәуір 2024 1544

Шет тілдері кафедрасы техникалық университеттер арасында қалалық Best Essay Competition-2024 байқауын өткізді

Шет тілдері кафедрасы техникалық университеттер арасында қалалық Best Essay Competition-2024 байқауын өткізді

2024 жылдың 20 сәуірінде Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына Сәтбаев университетінің 90 жылдығына орай Е.А. атындағы Жобаларды басқару институтының Шет тілдері кафедрасы Алматы қаласындағы техникалық жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері арасында ағылшын тілінен қалалық эссе байқауын өткізді. Эссе тақырыбын ұйымдастыру комитеті байқау күні келесі номинациялар арасынан таңдады:

  • Жасанды интеллект
  • Жаңартылатын энергия көздері
  • Цифрлық сауаттылық

ҚБТУ, АЭБУ, АТУ, Тұран, ХАТУ және Сәтбаев университеті сияқты университеттерден 18 қатысушы жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері туралы эссе жазу арқылы жарысты.

Қатысушылар өз эсселерінде жасанды интеллекттің еңбек нарығына және экономиканың басқа салаларына айтарлықтай әсерін талқылады. Студенттер жасанды интеллектпен жұмыс істеу кезінде мүмкін қауіптердің алдын алу туралы да жазды. Байқауға қатысушылар осындай өзекті тақырыпты талқылауда жан-жақты білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1-орын: Нурумбетов Амирданк, КБТУ

2 -орын: Аликеева Нестан и Андриянова Карина, Туран

3 -орын: Бекбосынова Айкүнім, Туран

Озбарханова Арайлым, Муратбек Гаухар, Джумагулов Ролан, МУИТ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту