Шетел тілдерін оқыту саласы бойынша конференцияға шақырамыз
24–25 қазан күндері Сәтбаев университеті мен Қазақстан-Неміс университеті бірлесе отырып, «Teaching Foreign Languages in the Era of Digitalization» атты алғашқы халықаралық конференция өткізеді.
Аталмыш конференция шетел тілдерін соңғы технологияларды қолдана отырып оқыту тақырыбына арналады. Сондықтан да осы тақырыпқа қызығушылық танытушылардың барлығын конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференцияға қатысу тегін, әрі оған Skype желісі арқылы қашықтықтан да қатысуға болады.
Конференцияның негізгі серіктестері – Оксфорд Университетінің «Oxford University Press» баспасы, «InterPress» халықаралық тіл орталығы, Швейцариялық «Software One» консалтинг компаниясы және «KazTEA» ағылшын тілі оқытушыларының ассоциациясы.
Конференция баяндамашылары:
- Мартин Кертис – «Oxford University Press» және Оксфорд оқытушылары академиясының тренері;
- Ричард Харрисон – британдық жазушы, көптеген кітаптардың авторы;
- Василий Сербин – Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, ғылым мен техника саласына еңбек сіңірген қайраткер.
Конференция туралы толық ақпаратты tfl.satbayev.university ресми сайтынан оқисыздар.