8 ақпан 2024 1381

Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз ұлы ғалымдар туралы презентациялар «Әлемнің ұлы ғалымдары»

Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз ұлы ғалымдар туралы презентациялар «Әлемнің ұлы ғалымдары»

2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 дейін Сәтбаев университеті, коворкинг орталығында Е.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару Институтының «Шет тілдер» кафедрасы академик Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына және Сәтбаев университетінің құрылғанына 90 жыл толуына арналған іс-шара - ұлы ғалымдар туралы баяндамалар байқауын өткізуде.

Іс-шара бүкіл еліміз үшін маңызды оқиғабайланысты өткізілетін болады. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының дамуына орасан зор еңбек сіңірген геолог. Дәл осы ұлы ғалымның сіңірген еңбегінің арқасында жастарымыз бен еліміздің бүгінгі ғылыми әлеуетінің негізі қаланды. Идеологиялық рухтандырушысының атымен аталған Сәтбаев университеті өз тарихында Қаныш Сәтбаевтың өсиеттеріне адал қызмет етіп келеді.  Сәтбаев университеті Қазақстандағы инновациялар мен ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарында болып, оның дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етіп келеді.

Бұл іс-шараның мақсаты - ғылымның игілігі туралы хабардар ету, сонымен қатар қоғамға ғылыми-техникалық жетістіктерді бейбітшілік пен даму үшін, яғни адамзат өркениетінің игілігі үшін пайдалану қажеттігін еске салады. Сондай-ақ ғылымның күнделікті өмірдегі маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.

Университетімізде бұл шараға бірінші курс студенттерінің барлығы жұмылдырылған. Ағылшын тілінің барлық деңгейдегі студенттері ашқан жаңалықтары әлемді өзгерткен ұлы ғалымдар туралы презентация байқауына қатысады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту