6 ақпан 2024 2752

Сіздерді Сәулет және құрылыс институтында оқуға қатысуға және грант алуға шақырамыз

Сіздерді Сәулет және құрылыс институтында оқуға қатысуға және грант алуға шақырамыз

Т. К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының "Сәулет" кафедрасы оқушыларға арналған "сызу" және "сурет" шығармашылық пәндер кешені бойынша олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға өтінім негізінде жалпы білім беретін ұйымдардың 11-сыныптарының білім алушылары: 1) жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары; 2) жалпы білім беретін мекемелердің мамандандырылған профильді сәулет-көркемсурет сыныптарының оқушылары; 3) қосымша көркемдік-эстетикалық білім беру жүйесінің оқушылары қатыса алады.

Олимпиада қаланың ғылыми, шығармашылық ортасы мен білім беру мекемелері арасындағы коммуникация арнасын қалыптастыру, оқушылар арасында ғылым мен шығармашылықты дәріптеу, ғылыми қызметтің тартымдылығын арттыру және табысты әрі перспективалы ғалым, сәулетші, дизайнер және суретшінің бейнесін қалыптастыру мақсатында «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар ғылым фестивалін қолдау мақсатында өткізіледі.

Олимпиадаға қатысушылар міндетті түрде сызу және сурет салу бойынша тапсырмаларды орындайды.

Екеуінің ішінен бір пәнді таңдауға жол берілмейді. Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады:

  • 1 дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын;
  • 2 дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын;
  • 2 дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын;

Олимпиаданың барлық қатысушылары Satbayev University "Сәулет" кафедрасының білім беру бағдарламаларына түсу кезінде сертификат пен артықшылыққа ие болады.

Көлік шығыстарын төлеу және олимпиадаға қатысушылардың және оларды алып жүретін адамдардың олимпиаданы өткізу орнына және кері қарай тұруы, шығыс материалдарын сатып алу дербес жүзеге асырылады.

Олимпиада 2024 жылғы 16-17 мамыр аралығында Satbayev University-де күндізгі форматта өтеді

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Алматы қ., Сәтпаев к – сі, 22 В, ИМС оқу корпусы 4 қабат - "Сәулет" кафедрасы, 409 кеңсе, тел.: +7(727) 292 57 03, e-mail: archkaf@satbayev.university

Олимпиадаға тіркелу үшін Өтінім мен Сауалнаманы электрондық поштаға жіберу қажет:  archkaf@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту