19 қараша 2020 3958

Сізді «The University of Warwick» - тегі оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз

Сізді «The University of Warwick» - тегі оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарына шақырамыз

The University of Warwick (Ұлыбритания) қолданбалы лингвистика кафедрасында (Department of Applied linguistics) біліктілікті арттыру курстарынан өтуге мүмкіндік береді. Бағдарлама академиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған. Бағдарламаның ұзақтығы: 2021 жылғы 13 қыркүйек-2022 жылғы 12 наурыз аралығы.

The University of Warwick Ұлыбританияның үздік университеттерінің ондығына кіреді және әлемнің 70 үздік университеттерінің қатарында (QS 2021). Қолданбалы лингвистика кафедрасы Шет тілдер мұғалімдері мен EMI академиялық бағыттағы оқытушыларды даярлау,  сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығы ретінде әлемге әйгілі. Бұл орталық Times Higher Education 2020 ж. мәліметіне сәйкес Ұлыбританияда 2-ші орынды иеленіп отыр.

Барлық сұрақтар бойынша АҚ "Халықаралық бағдарламалар орталығы»-на  мына телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз :+7(7172)76 90 99.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту