Ақпарат:

20 наурыз 2026 45

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы туралы хабарландыру

Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы туралы хабарландыру

Сіздерді Геология және мұнай-газ ісі институты базасында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) конкурсына қатысуға шақырамыз. Бұл өз біліміңізді қолдануға, зерттеу дағдыларын дамытуға және геология ғылымының дамуына үлес қосуға бірегей мүмкіндік.

  • Бірінші кезең: Институт ішінде Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау кафедрасы, Гидреогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы кафедрасы, Мұнай инженериясы кафедрасы және Геофизика және сейсмология кафедрасы арасында өткізіледі.
  • Екінші кезең: Қазақстанның геологиялық институттарының қатысуымен республикалық деңгейде өткізіледі.

Конкурс келесі өзекті бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Жалпы және тарихи геология
  • Геологиядағы жасанды интеллект
  • Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы

Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

Қатысушылар 40–50 бет көлемінде зерттеу жұмысын дайындауы қажет. Зерттеу жұмысының құрылымы келесі міндетті бөлімдерді қамтуы тиіс:

  • Мазмұны
  • Кіріспе
  • Зерттеу әдістемесі
  • Негізгі бөлім (зерттеу нәтижелері)
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жұмыстарды тапсыру тәртібі және байланыс ақпараты:

Ғылыми жұмыстарды дайындап, оларды 10 сәуірге дейін s.baitukha@satbayev.university электронды пошта арқылы жіберуді сұраймыз.

Конкурстың екінші кезеңінің мерзімдері, жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын басқа талаптар және өтінімдерді беру тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Байтуха С.М. s.baitukha@satbayev.university электронды поштасына хабарласыңыз. Тел: 87470629839.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту