Студенттердің қашықтықтан оқыту әдісіне ауысуы жөнінде Ректордың үндеуі
Құрметті Сәтбаев университетінің студенттері!
Коронавирус індетінің бүкіл әлемге тарау қауіптілігін ескере отырып, Сәтбаев университеті 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту режиміне ауысады.
Мұндай ауысымды әрбір университет өзінің стандарттары мен академиялық саясатына сәйкес жүргізеді. Әрине, аудитория ішінде отырып, студент профессордан тікелей дәріс алатын білім өте сапалы және тиімді болатынын, ал қашықтықтан алған білім сәл төменірек болатынын Сәтбаев университеті жақсы түсінеді. Сондықтан да көктемгі семестр уақытын өте тиімді пайдалану мақсатында университет студенттерге екі түрлі оқу әдісінің бірін таңдауға мүмкіндік береді:
• Қашықтықта отырып күндіз оқу әдісі (дистанционно-очный);
• Қашықтықта өз бетінше оқу әдісі (дистанционно-самостоятельный).
Қашықтықта отырып күндіз оқу әдісі бойынша студент Алматыда болып, ұсынылған материалдарды қашықтықтан оқып меңгере алуы үшін, студенттерді аз топқа бөліп, жеке пәндерді оқыту сабағына қатыса алуы керек.
Қашықтықта өз бетінше оқу әдісі бойынша студент Алматыда болмай-ақ, бүкіл көктемгі семестр сабақтарының материалдарын өз бетінше толық меңгеріп, көктемгі сессия емтихандарын жазғы уақытта тапсыра алуы керек. Университет өз тарапынан студентке әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетіп отырады және барлық мультимедиалық ресурстар қолжетімді болу үшін жағдай жасайды. Бұлай оқу әдісі студенттерге өте жоғары жауапкершілік жүктейді, өйткені алдағы емтиханды сәтті тапсыру үшін, олар барлық оқу материалдарын саналы түрде өз беттерінше меңгерулері тиіс.
Бұл екі әдістің бірін таңдау мүмкіндігі студенттің тұрғылықты жерінің тұрақтылығы мен өмір сүру жағдайының артықшылықтарына байланысты беріледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін Тіркеуші кеңсеге хабарласу керек.
Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов