6 желтоқсан 2021 5345

«SU Game Jam 2021» Республикалық ойын өндірушілер фестивалі аяқталды

«SU Game Jam 2021» Республикалық ойын өндірушілер фестивалі аяқталды

Сәтбаев Университетінде ойын өндірушілердің жыл сайынғы алғашқы «SU Game Jam 2021» фестивалі өтті. Үстіміздегі жылы 6 желтоқсан күні хакатонның жабылуы салтанатты түрде өтіп, оның жеңімпаздары анықталды.  

Фестивальді Сәтбаев Университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты «theHUB» Тәуелсіз жастар қоғамымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Оған Сәтбаев Университетінен басқа Астана IT университетінің, Сүлейман Демирел атындағы университеттің, Алматы Энергетика және байланыс университетінің, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Халықаралық ІТ университеттің командалары, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, сондай-ақ республиканың басқа да мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Алғашқы «SU Game Jam 2021» фестивалінің демеушісі – «ТрансТелеком» АҚ-ы» компаниясы.

Завершился Республиканский фестиваль разработчиков игр «SU Game Jam 2021»

Завершился Республиканский фестиваль разработчиков игр «SU Game Jam 2021»

Завершился Республиканский фестиваль разработчиков игр «SU Game Jam 2021»

Завершился Республиканский фестиваль разработчиков игр «SU Game Jam 2021»

Жарысқа ұсынылған жобалардың негізгі тақырыбы – GameDev. Қатысушыларды Интернет дәуірінің басталу дәуірі, алғашқы ойындар мен операциялық жүйелердің қарапайымдылығы мен жарқын графикасы шабыттандырды. Осындай жобалардың бәрін олар эстетикалық тұрғыда жасауға тиіс болатын. Нәтижесінде үш команда «Game Jam SU 2021» фестивалінің жеңімпазы атанды.

Алматы Энергетика және байланыс университетінің «Puppies in socks» командасы «Left Alone» жобасымен 1-орынға ие болып, абсолютті жеңімпаз атанды.

Хакатонда командалық жарыстан бөлек, арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар да анықталды. Ең жаңашыл команда ретінде Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «JIC Games» командасы «Pim Pom» жобасымен жеңімпаз деп танылды.

 «Game Jam SU 2021» фестивалінің жеңімпаз командалары

Орын

Команда атауы

Жобасы

Университет

1

Puppies in socks

Left Alone

Алматы Энергетики және байланыс университеті

2

Thirty times

Neta

Халықаралық ІТ университеті

3

Project-tile

Project DIVI

Aстанa IT университеті

 

Номинациялар бойынша жеңімпаз командалар

Номинация

Команда атауы

Жобасы

Университет

«Innovation» –идея бірегейлігі

JIC Games

Pim Pom

Жамбыл инновациялық жоғары колледжі

«Design» – визуальды стиль және әсер

Best Juniors

Battle Robots

Alikhan Bokeikhan University

«Script» – ең үздік сюжет үшін

Centralia Junior

Centralia

ШАГ Академиясы

«Best Junior team» – ең үздік мектеп жобасы үшін

Gaming and Youth

First Hero

Республикалық физика-математика мектебі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту