Су қоймасы және қалалық әкімгершілік: СжҚИ магистранттары Бакуде тағылымдамадан өту туралы ой бөлісті
Сәулет және құрылыс институтының магистранттары 2023 жылдың 30 наурызы мен 18 сәуір аралығында Баку қаласындағы Азербайджан сәулет-құрылыс университетінде шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Он бір адам - сәулетшілер, құрылыс инженерлері және өндірістегі қауіпсіздік мамандары - өз кәсібі туралы түсініктерін кеңейтуге және басқа елдің құрылысындағы стандарттар мен тәсілдермен танысуға мүмкіндік алды.
Қазақстандық студенттерді Азербайджан сәулет-құрылыс университетінің ректоры, профессор Гюльчохра Мамедова жылы лебізбен қарсы алып, бағдарлама бойынша магистранттарды тағылымдама орындарымен таныстырып, бағыттады.
Тағылымдамадан өтушілердің бірі Алихан Ешпанов өз әсерімен бөлісті:
— Тағылымдамада мен магистрлік диссертациямның тақырыбы бойынша жұмыс істедім. Мен Бакудегі Бостандық алаңын зерттедім — бұл әкімгершілік ғимараты орналасқан алаң, өте көрнекті ғимарат. Ғимаратқа сынама жүргізіп, фотофиксация жасадым, қала әкімшілігі ғимараты алаңының құрылымында орналасу схемасын жасадым. Зерттеу нәтижелерін ғылыми жетекшіммен өңдейтін боламын. Жалпы тағылымдамадан өту мен үшін қызықты өтті және де бізді жылы шыраймен қарсы алып, маған университет интерьер графиктеріне арналған өз кітаптарын сыйлады.
Алихан сыйлыққа алған кітапты өз университеті кітапханасына өткізуді жоспарлап отыр.
Басқа да магистранттардың тағылымдамасы өнімді, әрі қызықты болды.
Студенттер еңбекті қорғау және өнеркәпсітік қауіпсіздік зертханаларының жұмыстарына қатысып, су қоймаларындағы суды тазарту процесстерін үйреніп, Азербайджан елінің Джейранбатан және Тахтакёрпю су қоймаларының тазарту ғимараттарымен танысты.
Біздің студенттер үшін университеттің құнды кітапханалары қолжетімді болды, сондай-ақ мамандықтары бойынша тың дәрістер тыңдалды. Магистранттар Азербайджан сәулет-құрылыс университеті мен Сәтбаев университеті басшылығына тәжірибе мен жаңа ілім алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.