SU магистранты Коимбра конференциясына қатысты
Сәтпаев Университеті «Химиялық және биологиялық технологиялар Институтының «Органикалық және полимерлік технологиясы» кафедрасының 2-курс магистранты Тұрсынбекова Мәншүк 2018 жылдың қазан айында Португалияда бір апталық іссапарымен болып, еріген тұздар және иондық сұйықтықтар мәселесіне қатысты 27-ші Халықаралық конференциясына (27Th EuChemS Conference Molten salts and Ionic Liquids) қатысты.
Конференцияны Лиссабон Мемлекеттік Университеті ұйымдастырды. Лиссабон Университетінің негізі 1290 жылы қаланып, ол Португалиядағы ең көне және ең ірі университет болып саналады.
1537 жылы оқу орны Коимбра қаласына көшіріліп, көпшілікке Коимбра университеті атымен танымал болды. Университетте жылына дүние жүзінің 20 000 жуық студенттері 8 ірі факультетінде оқиды.
Конференция Лиссабон қаласының «Белем» мәдени орталығында өтті. Мәншүк өзінің ғылыми зерттеу жұмысы бойынша “Denitrogenation and desulfurization of fuels by Ionic Liquids” тақырыбында есеп берді. Конференция барысында Франция, Жапония, Германия, Швеция және Қытай елінен келген әріптестерімен бірге иондық балқыламаларды бөлу саласындағы жаңа стратегиялар проблемалары талқыланып, осы салада бірлесе ғылыми жұмыстар жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Конференция соңында қатысушыларға мақалалар жинағы мен сертификаттар тапсырылды.