11 желтоқсан 2019 3346

SU студенті Республикалық жарыста дипломға ие болды

SU студенті Республикалық  жарыста дипломға ие болды

2019 жылы 22 қараша күні Алматы қаласында ФООД «Құрылыс пен архитектурадағы физика» клубының ұйымдастыруымен Халықаралық білім беру корпорациясы  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Микроклиматты жақсартудың инновациялық тұжырымдамалары және энергия шығынын азайту технологиясы» атты  республикалық байқау өтті. 

Сәтбаев университеті «Металлургия және өндірістік инженерия» институтының 3-курс студенті Есқұлов Дінмұхамед осы байқаудың лауреаты атанды. Есқұлов Дінмұхамед студенттер тобымен бірге өзінің «ҚазБСҚА оқу корпусын көп қабатты жайлы ғимарат ретінде қайта құру» атты сәулет жобасын ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша ол жүлделі 3-орынға ие болды.

Есқұлов Дінмұхамедті лайықты марапатымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, батыл идеялар, жаңа бастамалар мен тамаша жетістіктер тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту