Сүлейман Демирел университетінде оқу конкурсы
Сүлейман Демирел университетінде (Түркия) 2020–2021 оқу жылының бір семестрінде «Мевлана» гранттық алмасу бағдарламасы бойынша оқу байқауына қатысуға өтінімдер қабылданады. Бағдарламаға Сәтбаев университетінің студенттері, оқытушылар (профессор, доцент, профессор ассистенті, оқытушы) және зерттеушілер (ғылыми көмекшілер) қатыса алады. Зерттеушілер тек студент ретінде қатыса алады.
1. Бакалавр студенттері
- 1 және 2-курста оқитын (сапар кезінде 2 және 3-курс) студенттер;
- 1-тармаққа ескерту: оқу ұзақтығы 5 жылды құрайтын 4-курс студенттері (тапсыру сәтінде – 3-курс) де қатыса алады.
- оқу үлгерімнің орташа баллы (GPA) 2,5-тен төмен емес болу керек.
2. Магистранттар
- 1-курста оқитын (оқу ұзақтығы 2 жылды құрайтын) магистранттар;
- оқу үлгерімнің орташа баллы (GPA) 3,0-тен төмен емес болу керек.
3. Докторанттар
- 1 және 2-курста оқитын (сапар кезінде 2 және 3-курс) докторанттар;
- оқу үлгерімнің орташа баллы (GPA) 3,0-тен төмен емес болу керек.
2020–2021 оқу жылына арналған Mevlana студенттер алмасу бағдарламасы студенттерді тегін білім алу және әр ай сайынғы 1300 TL көлеміндегі шәкіртақымен қамтамасыз етеді. Студенттер тегін оқумен және ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі, қалған шығындар студенттің өз есебінен төленеді. Шәкіртақының 80%-ы студенттің SDU университетіне келген уақытынан бастап ай сайын 4 ай көлемінде беріледі, қалған бөлігі студенттің оқу үлгерімі мен міндетті пәндерді сәтті аяқтаған уақытында беріледі. Егер студент аталмыш алмасу бағдарламасы бойынша бір жылға баратын болса, 4 айдан кейінгі шығындарды өз мойнына алады.
4. Мұғалімдер
- 2 аптадан 3 айға дейін;
- Аптасына кемінде 6 сағат оқу курстары.
2020–2021 оқу жылында Mevlana алмасу бағдарламасы аясында профессорлар, доценттер және профессор ассистенттерінің тәуліктік шығындарын қамтамасыз ету үшін 55 TL, сондай-ақ лекторлар үшін 45 TL бөлінеді. Сонымен қатар 3500 TL көліктік шығындары үшін бөлінеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. ҚР азаматы паспортының (төлқұжат) көшірмесі (болмаған жағдайда жеке куәліктің көшірмесі);
2. Арнайы үлгіде толтырылған өтініш (студенттер және оқытушылар үшін);
3. Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат;
4. Университет мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт (студенттер үшін);
5. CV түрі (оқытушылар үшін);
6. Төменде тіркелген Қосымшаның толтырылған түрі (оқытушылар үшін).
Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (NK, 903) электронды және баспа түрінде (атауы, мамандығы / лауазымы, бөлім, институт және ұялы телефон нөмірі көрсетілген папкада) ұсынылуы керек.
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2020 жылы 11 наурызда сағат 12.00-ге дейін жүреді.