Ақпарат:

11 қазан 2018 7786

Талдықорған драма театрының «Хақ жолы» спектаклі Сәтбаев университетінде

Талдықорған драма театрының «Хақ жолы» спектаклі Сәтбаев университетінде

Діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүргізу аясында 12 қазан күні Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының «Хақ жолы» спектаклінің қойылымы Сәтбаев университетінде өтеді.

 Талдықорған драма театры – 1975 жылы құрылған ұлттық-патриоттық театр, 2000 жылы театрға Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бикен Римованың есімі берілген. Театр республикалық байқаулар мен фестивальдарға белсене қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді.

Белгілі драматург Асылбек Ықсановтың «Хақ жолы» («Правильный путь») спектаклі Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі болып табылады. Қойылымның басты кейіпкері радикалдық діни ағымға қосылып, өз отбасынан, бала-шаға, туған-туыстарынан қашып кетеді де, жүрген жерінде сол ағымды насихаттап, халық арасында үгіт жүргізе бастайды. Ақырында өзі түрмеге түседі, ал анасы сары уайымға салынып, қайтыс болады. Режиссердің ойынша, қойылымның басты мақсаты – жастарды дұрыс жолдан адастырмай, әрбір аттаған қадамдарына жауапкершілікпен қарауға, азғындықтан аулақ болуға үйрету.

Қойылым 2018 жылы 12 қазан күні Сәтбаев университетінің акт залында (ТКМК) өтеді.  Басталуы – сағ. 19.00.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту