27 ақпан 2024 2313

Тамаша мүмкіндік: Сәтбаев Университетінің студенттеріне PennState университетіне биыл түсуге болады

Тамаша мүмкіндік: Сәтбаев Университетінің студенттеріне PennState университетіне биыл түсуге болады

Сәтбаев Университетінің студенттері Pennsylvania State University-не (PennState, АҚШ) биылдан бастап оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды, ал оған түсу үшін, 1 наурызға дейін құжат тапсыру керек.

Биылғы жылы арнайы қос диплом бағдарламасы бойынша оқуға түсу шарттарын түсіндіру үшін, Penn State University-нің «Болашақ» бағдарламасы бойынша түлегі Самғат Ермекбаев біздің университеттің студенттерімен кездесіп, бағдарлама туралы барлық сұрақтарға жауап берді.

Сәтбаев Университеті мен PennState университеті әзірлеген бағдарлама Сәтбаев Университетінің студенттерін PennState университетіне қабылдауды және «3+1+1» форматында оқыту мәселесін қарастырады. Алғашқы үш жылда студенттер Сәтбаев Университетінде кәдімгі бакалавриат бағдарламасы бойынша оқиды. Ал 4-курста олар Penn State штатына барады, оқуды аяқтағаннан кейін түлектер Сәтбаев Университетінің дипломын алады. Егер олар бағдарламаны сәтті аяқтаса, оқуын одан әрі жалғастырып, келесі жылы Американың Penn State University-де магистр дәрежесін алу мүмкіндігіне ие болады.

Пилоттық жоба ретінде Сәтбаев Университетінің 4 білім беру бағдарламасы таңдап алынды – геология, материалтану, мұнай-газ инженериясы және киберқауіпсіздік. Осы мамандықтар бойынша оқитын 3-курс студенттері дәл қазірден бастап құжаттарын тапсырып, биылғы жылдың тамыз айында Американың ең үлкен және ең беделді университеттерінің бірінде оқуларын бастай алады.

Бағдарлама бойынша оқуға қабылдау рәсімі құжаттарды тапсыру және қабылдау комиссиясымен сұхбаттасу шараларын қамтиды. Оқу ақысын PennState төлейді, ал жол ақысы мен тұру ақысын студенттер өздері төлеуі тиіс. PennState университетінде магистратурада екінші жылғы оқудың ақысы үздік студенттер үшін «Болашақ» бағдарламасы бойынша төленеді. Сонымен қатар студент американдық стипендияға да үміткер ретінде өтініш бере алады.

Өтініш беруге аз ғана уақыт қалғанын ескере отырып, Сәтбаев Университетінің биылғы жылы PennState университетіне түсетін студенттері үшін IELTS тестті тапсыру міндеті алынып тасталды. Ал үміткердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін сұхбаттасу кезінде американдық университеттің қабылдау комиссиясы тексереді.

Сәтбаев Университеті мен The Pennsylvania State University (Пенсильвания мемлекеттік университеті) биылғы жылғы ақпан айының басында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, бұл қазақстандық студенттер үшін кең мансаптық перспективалар ашып отыр. Пенсильвания мемлекеттік университеті – Америка Құрама Штаттарындағы ең жақсы 15 мемлекеттік университеттің бірі болып табылады, онда 90 мыңға жуық студент білім алады, бұл оны АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі ең ірі университеттердің біріне айналдырып отыр. Penn State түлектері бүкіл әлем бойынша өнеркәсіп орындарында жетекші лауазымдарды атқарады. Penn State университеті мансаппен қатар кең шығармашылық және спорттық мүмкіндіктер ұсынады: мұнда әлемдегі ең үлкен стадиондардың бірі және әлемдегі ең үлкен университет кітапханасы орналасқан.

 

Құжаттарды дедлайн тапсыру: 2024 жылғы 1 наурыз.

PennState университетінде оқудың басталуы: 2024 жылғы 15 тамыз.

Құжат тапсыру рәсімін бастау үшін өз кафедраңыздың меңгерушісіне жолығу керек.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту