Ақпарат:

19 қыркүйек 2022 3649

Тарихи күнде ақсақалдар бас қосты

Тарихи күнде ақсақалдар бас қосты

 

2022 жылы 19 қыркүйек күні Сәтбаев Университетінде «Ақсақалдар алқасының» отырысы өтті. Бұл отырыстың негізгі себебі – «Ақсақалдар алқасы» мен «Кәсіподақ ұйымы»-на ортақ жаңа кабинеттің ашылуы тарихи күнмен тұспа-тұс келуінің маңызы зор.

Алқалы жиынға қатысқан Сәтбаев Университетінің ректоры М. Бегентаев ардагерлер алқасының мүшелеріне өзінің ақжарма тілегін арнап, сөз сөйледі. Одан соң Басқарма мүшесі –Корпоративтік даму стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры Е. Көлдеев оқу орнымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында баяндама жасады. Бұдан кейін кәсіподақ ұйымының төрайымы Өмірзақова Шолпан Медетбекқызы сөз алып, ардагерлерді құттықтады.

«1934 жылдың 19-қыркүйегі институт тарихында атаулы күн болды, алғашқы қоңырау соғылып, бірінші оқу жылы басталды. Аудиториялар мен зертханаларға 146 студент, 16 оқытушы: 5 профессор, 7 доцент, 4 ассистент кірді. Институттың тұңғыш директоры қызметіне Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын үздік бітірген, Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған, Риддер қалалық партия комитетін басқарған, қазақ инженер-техникалық интелегенциясының алғашқы өкілдерінің бірі 28 жастағы Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев тағайындалды. Ол асқан қажырлылық, табандылық, шебер ұйымдастырушылық қабілеттерін таныта отырып, дүниеге жаңадан келген оқу орнының аяғынан қаз тұруына, күш-қуат жинап, ілгері басып кетуіне аямай тер төкті. Білікті ұстаздар құрамын қалыптастыру, техникалық оқу орны үшін ең негізгі болып табылатын зертханаларды ұйымдастырып, жабдықтау, ғимараттарды жөндеу, кеңейту, өндіріс орындарымен тығыз байланыс жасау, одақтағы ірі техникалық оқу орындарымен қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасу сияқты істерді дәйектілікпен жолға қойды».

Ә.Ж.Бүркітбаевты ерекше толғандырған мәселелердің бастысы техникалық оқу орнына қазақ жастарын тарту болды. Осы мақсатта мемлекеттік оқу басқармасының рұқсатымен 6 және 7 сыныптық білімі бар жастар үшін арнайы дайындық курстарын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде алғашқы оқу жылдарында 19 қазақ жасы студент аталды. Ә. Бүркітбаевтың шақыруымен Мәскеудегі тау-кен институтының түлегі М.Х.Мамыров, Мәскеудегі Бауман атындағы жоғары техникалық училищесінің түлегі Х.Т.Бектасов оқытушылық қызметке келді. Ал аса көрнекті қайраткер, Томск политехникалық институтының түлегі, тұңғыш қазақ математика профессоры, тұңғыш жоғары математика оқулығының авторы, бірнеше европалық тілдерді меңгерген ғалым-ұстаз Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың Ә.Бүркітбаевтың шақыруымен институтқа орналасып, студенттерге дәріс оқуы аса елеулі уақиға еді. Ұлттық инженер-техникалық интеллигенциясын тәрбиелеудің бастауында осындай асыл азаматтардың тұрғанын, біз бүгінде ерекше құрметпен атап өткеніміз абзал, -деп атап өтті «Ақсақалдар алқасының төрағасы, профессор Ұлықпан Сыдықов.

Кейін ардагерлер оқу корпусын аралады. Артынан ардагерлеріміз арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Университет басшысы М. Бегентаев ардагерлерге кішігірім естелік ретінде сый-сыяпат жасады. Ақсақалдар өз кезегінде университетіміз туралы қызықты әсерлерімен бөлісіп, студенттердің орындауындағы «Досмұқасан»-ның әндерін тыңдап, кеш соңында естелік ретінде суретке түсті.

 

В Satbayev University прошла встреча «Ақсақалдар алқасы»

В Satbayev University прошла встреча «Ақсақалдар алқасы»

В Satbayev University прошла встреча «Ақсақалдар алқасы»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту