7 қыркүйек 2021 4206

Тарихпен танысу

Тарихпен танысу

Университетіміздің 1-курс студенттеріне «Тарих тағлымы» күні аясында мұражайларға экскурсия өткізілді.

Бұл іс-шараға барлық институттың студенттері қатысты. Іргелі оқу орнының есігін қуана ашқан жас студенттер тарихи музейге  және Қ.И.Сәтбаев мемориалдық кабинетінде болып, көптеген құнды мағлұматтар алды. Бағалы жәдігерлерді көріп, ерекше әсерге бөленді.

Студенттерді мұражай директоры Жеңіс Нұртасұлы Молдабеков  жаңа оқу жылымен құттықтап, қысқаша кіріспе сөз сөйледі. Халқымыздың біртуар ұлы перзенті, ұлтымыздың мәртебесін әлемдік деңгейге көтерген ғұлама ғалым Қ.И.Сәтбаевтың мұраларымен, 87 жылдық тарихы бар Сәтбаев университетінің тарихымен танысуға шақырды.

Сәтбаевтанушылар Надежда Васильевна Ниретина мен Аспандияр Әденұлы Өмірбеков ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмір жолынан, университет өмірімен байланысы жайлы тартымды әңгімелеп, терең мәлімет берді.

Мұражай мамандары Р.Т.Кельтенов, Қ.Ілесова, С.Киікбаева, М.Оспановалар университет өмірімен кең көлемде таныстырып, әрбір жәдігердің, тұлғаның мәні мен маңызына жан-жақты түсініктеме берді.

Өз кезегінде студенттер мамандарға ризашылықтарын білдірді.

Уроки истории

Уроки истории

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту