Тау-кен металлургия институты геомеханикадан ашық тренингтерге шақырады
Тау-кен металлургия институты хабарлайды, 16 қараша мен 13 желтоқсан аралығында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін «Геомеханикалық процестерді математикалық моделдеу: сандық тәсілдерді Rocscience (RS2 и RS3) бағдарламасын қолдану арқылы іске асыру»бағыты бойынша ашық дәрістер және мастер-класс өтеді.
Ұйымдастырушы: «Тау-кен ісі» кафедрасы.
Спикерлер: Ұлттық техникалық университет «Днепрлік политехника» профессорлары, техникалық ғылымдар докторлары Сдвижкова Елена Александровна және Бабец Дмитрий Владимирович.
Уақыты және өткізілетін орны: күнделікті 17:30 және 20:00 арасында, 124 ТКМК (ГМК).