Ақпарат:

17 мамыр 2019 9210

Тау-кен саласында жаңа ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

Тау-кен саласында жаңа ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

Сәтбаев университеті мен «Тау-кен Самұрық» ұлттық компаниясы бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, бірлескен кәсіпорын ашуға уәде етіп отыр. Бұл жөніндегі келісімшартқа Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Бейсембетов пен «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген жуырда қол қойды.

Аталмыш кәсіпорын Қазақстанда тау-кен саласының дамуына кедергі келтіріп отырған көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін болады деп күтілуде. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу орталығы еліміздің кен барлау, минералды шикізат көздерін өндіру және қайта өңдеу саласына инновациялық технологияларды енгізу, оларды коммерцияландыру үшін қосымша инвестицияларды тарту жұмыстарымен шұғылданатын болады. Орталық қызметкерлері тау-кен-металлургия секторының кәсіпорындарына арнап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізеді.

Жаңадан ашылғалы отырған орталықтың тағы да бір қызметтік бағыты – тау-кен саласына қажетті мамандарды бакалавриат, магистратура және РhD-докторантура бағдарламалары бойынша даярлау, сондай-ақ шетелдік жетекші ғылыми және білім беретін орталықтарды жұмылдыра отырып, осы салада қызмет ететін кәсіби мамандарға арнап семинарлар мен тренингтер жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Новый научно-исследовательский центр Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту