19 желтоқсан 2023 2784

Театр.Polytech «Механизм» спектаклінің премьерасына шақырады

Театр.Polytech «Механизм» спектаклінің премьерасына шақырады

Сәтбаев Университетінің шығармашылық қауымы үшін 2023 жылдың соңындағы басты оқиға – Анель Сыздықова-Битоссидің «Механизм» атты авторлық пьесасы бойынша Театра.Polytech командасының алғашқы қойылымы болмақ. Мұндағы басты кейіпкерлер – Алматы қаласы Политехникалық университетінің студенттері.

2023 жылғы ақпан айының басында Сәтбаев Университетінің «Пайдалы қазбалар галереясы» қабырғасында «Polytech студенттік театры» инновациялық жобасының әсерлі және креативті тұсаукесері өткен болатын. Содан бергі бір жылға жуық уақыт ішінде жоба қарқынды дамып, өзіндік болмысына ие болды. Бастапқы идея шындыққа айналды.

Театр.Polytech өз алаңын тауып, 20 талантты студенттерден тұратын труппа жинады, әрі кәсіби режиссерлер мен тәлімгерлерді өз қатарына тартты. Техникалық университеттің студенттері өнердің ішіндегі театр әлемімен жақынырақ танысуы үшін, Театр.Polytech театрдың кәсіби мамандарын шақырды.

Студенттер актерлік шеберліктің негізгі курсын аяқтап қана қоймай, сонымен бірге өз мүмкіндіктерін де үнемі кеңейтіп отырды. Шеберлік сабақтарында студенттер мен қызметкерлер Қуантай Әбдімәдидің жетекшілігмен тыныс алу техникасын жаттықтырды, Кеша Башинскийдің «Театр ғимаратының тарихы» атты дәрісін тыңдап, Айсұлу Әзімбаеваның өнер тәжірибесінен шабыт алды, ал Сәлім Балғазин сахналық қозғалыс техникасына үйретті. Сондай-ақ Лаура Мақаннан би хореографиясын үйренді, өйткені би «Механизм» спектаклінің бір бөлігін алады.

Театр репетициясы екі түрлі әлем арасындағы нағыз көпірге айналды – заманауи технология өнермен ұштасып, шығармашылық шабытқа ерекше атмосфера берді. Спектакльге дайындық үстінде студенттер өте үлкен жұмыс тындырды, ең бастысы – шығармашылық дарынды қабілеттерін дамыта түсті.

Дайындық нәтижесін сіздер 19 және 20 желтоқсан күндері сағат 19:00-де Сәтбаев Университетінің акт залында (ГМК) көре аласыздар. Polytech Theatre-ның пәнаралық командасы ғылым әлемі мен театр әлемін біріктіріп, көрермендерге өте қызықты, әрі ерекше дайындалған қойылым ұсынады. Келіңіздер, сіздерді күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту