Ақпарат:

21 сәуір 2023 2573

Техника мұражайынан бастап, қос дипломды бағдарламаларға дейін: Сәтбаев Университетіне Obuda университетінің делегациясы келді

Техника мұражайынан бастап, қос дипломды бағдарламаларға дейін: Сәтбаев Университетіне Obuda университетінің делегациясы келді

21 сәуір күні Венгрияның Obuda университетінің өкілдері ректор Левенте Ковачтің басшылығымен қазақстандық ЖОО-на сапары аясында Сәтбаев Университетіне келді.

Қонақтарды университет ректоры Мейрам Бегентаев қарсы алып, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың негізгі бағыттарын айқындап өтті: студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы, қос дипломдық оқу бағдарламалары, инновациялық жобалар саласындағы ынтымақтастық.

Левенте Ковач Сәтбаев Университеті басшылығының пайымдауын қолдап, венгр ғалымдарының өнертабысын ұсынды. Ал Сәтбаев Университеті қонақтарға жеке құнды сыйлықтар мен университет ішін аралауға экскурсия ұсынды. Қонақтар Технология тарихының жаңа мұражайын және Политех жобаларының дәстүрлі көрмесін тамашалады, онда қонақтарға ұшқышсыз ұшатын аппараттар, электромобильдерді зарядтау инфрақұрылымы, VR-зертханасы, «Бәйтерек» ахуалдық орталығы және басқа да инновациялық әзірлемелер көрсетілді.

Техникалық жаңалықтарға көңіл бөлу және өздерінің дәстүрлерін мақтаныш ету – екі университетті біріктіретін ортақ қасиет. Кездесу барысында Политехтың ректоры Мейрам Бегентаев біздің университет Obuda университетімен ынтымақтастық қарым-қатынастың пайдасын қазірден көре бастағаны туралы атап өтті:

– Сіздердің тәжірибелеріңіз бізге Технология тарихы мұражайын ашуға шабыт берді, қазірдің өзінде оның алғашқы экспонаттары да бар, – деді ректор.

Obuda университеті басшылығының Қазақстанға сапары – жыл басында Венгрияда өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысы барысында басталған үдерістің жалғасы болып табылады. Сол сапар аясында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров екеуі Обуд университетінде болып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Óbudai Egyetem университеті – Венгриядағы ең ірі техникалық университеттердің бірі. Мұнда студенттер ақпараттық технологиялар, машина жасау, электротехника, бизнес, сәулет және құрылыс салалары бойынша білім алады. Университет құрамында инновацияларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми әзірлемелерді қолдайтын және басқаратын 8 ғылыми-зерттеу, инновациялық және сервистік орталықтар бар.

Киберқауіпсіздік, робототехника және жасанды интеллект мамандықтары университеттің мықтылығын көрсетеді. Университетте «Stipendium Hungaricum» шәкіртақысы бар, оқу венгр тілінде де, ағылшын тілінде де жүргізіледі. Осылайша қазақстандық студенттер Венгрияда білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бұған дейін бұл делегация Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болды. Алматы қаласына сапар бағдарламасы үш күнге жоспарланған, олар сапарларын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және Сүлеймен Демирел университетінде жалғастырады.

От музея техники до двухдипломных программ: Satbayev University посетила делегация университета Obuda

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту