24 наурыз 2023 2612

Техникалық білім бойынша көшбасшы: Сәтбаев Университеті QS WUR by Subject рейтингінде жоғары деңгейге көтерілді

Техникалық білім бойынша көшбасшы: Сәтбаев Университеті QS WUR by Subject рейтингінде жоғары деңгейге көтерілді

QS World University Rankings by Subject 2023 (QS WUR by Subject) Сәтбаев Университетінің білім беру бағдарламалары ғылыми қоғамдастық пен жұмыс берушілер арасында беделінің жоғары екендігін тағы бір рет растады. QS World University Rankings by Subject 2023 рейтингінде университет мұнай өнеркәсібі (Petroleum Engineering) санатындағы позициясын жақсартып, тағы да бірнеше жаңа санаттарға қосылды.

Petroleum Engineering білім беру бағдарламасы – Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең үздік бағдарламаларының бірі болып табылады, ол бірнеше жылдан бері QS пәндік рейтингінде жоғары деңгейде көрініп келеді. Жыл сайын оның рейтингтегі позициялары көтеріліп, сапасы да жақсарып келеді.

2023 жылы университет Petroleum Engineering санатында 51–100-орынға ие болды, яғни осы нәтиже бойынша өткен жылғы нәтижесінен асып түсіп, 50 сатыға көтерілді. Мұндай жетістікке жету өндіріспен тығыз ынтымақтастық байланыс жасау және студенттерді мұнай-газ саласында оқытуға көңіл бөлудің арқасында мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар биыл Сәтбаев Университеті алғаш рет «Физика және астрономия»  санаты бойынша 501–550-орынға, «Инженерия – механика, аэронавигация және өндіріс» санаты бойынша 451–500-орынға, «Инженерия – электр және электроника» категориясында 351–400-орынға, ал жалпы «Инженерия және технология» категориясы бойынша 357-орынға ие болды. Бұл жетістіктер университеттің кең ауқымды ғылыми салалар бойынша білім беру сапасының жоғары екендігін айғақтайды.

– Білім беру мен зерттеуді жақсартуға бағытталған күш-жігеріміз QS World University Rankings by Subject 2023 рейтингінде жоғары атап өтілгені біз үшін үлкен мақтаныш, – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев. – Бұл нәтижелер біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымызды растайды. Біз студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және серіктестерге қажырлы еңбегі мен бізді қолдағаны үшін зор алғыс айтамыз!

QS by Subject рейтингі – бұл QS World University Rankings халықаралық ұйымы жыл сайын жүргізетін зерттеу, ол жоғары оқу орындарының белгілі бір бағыттар бойынша оқытуы мен зерттеулерін бағалайды. Биылғы жылы рейтинг жалпы бес кең пәндік салаға топтастырылған 54 пәнді қамтиды. Бұл рейтинг нәтижелері студенттер мен ғалымдарға ғылыми жұмыс немесе білім алу үшін ең жақсы мүмкіндіктер беретін университетті таңдауға көмектеседі.

Сәтбаев Университеті Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінің бірі ретінде бірнеше жылдан бері QS рейтингінде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Мұндай жетістіктер – университеттің студенттерді жоғары деңгейде тәрбиелеуге ұмтылып, өз көрсеткіштерін арттыру жолында күнделікті жұмыс жасауының жемісі болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту