7 желтоқсан 2023 2523

Техникалық университеттегі шығармашылық: Сәтбаев Университетінде Театр.Polytech театрының ашық дайындығы өтті

Техникалық университеттегі шығармашылық: Сәтбаев Университетінде Театр.Polytech театрының ашық дайындығы өтті

Баспасөзге арналған ашық дайындық кезінде университет өзінің жаңа шығармашылық зертханасының – ArtLab.Polytech зертханасының алғашқы қойылымын ұсынды. Бұл шығармашылық зертхана 2023 жылдың басында студенттік жоба ретінде ашылған болатын. Алғашқы қойылған «Механизм» атты авторлық спектакль техникалық білімнің, ғылым мен өнердің интеграциясына, сондай-ақ техникалық білім алатын студенттерді өнерге баулу және олардың оқу, ғылыми, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметіне деген шығармашылық көзқарастарын қалыптастыру формасына айналды.

– «Механизм» университеттің мәдени картасының құрамдас бөлігіне айналып, дәрістер мен зертханалардан тыс жерде студенттерге өздерінің шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті пьеса авторы Анель Сыздықова-Битосси.

Бұл бастама еліміздегі тұңғыш техникалық университет студенттерінің рухани дүниесін кеңейтуімен ғана емес, сонымен қатар олардың қазіргі таңда елімізге қажет мамандарға керекті мәдениет пен шығармашылық деңгейді меңгеруге көмектесуімен де маңызды.

Семестр бойы Сәтбаев Университетінің студенттері ArtLab.Polytech өнер зертханасында өткізілген актерлік шеберлік курсына қатысып, шығармашылық әлеміне бой алды. Тәжірибелі театр мамандарының жетекшілігімен студенттер ұжымы актерлік шеберлікті меңгеріп қана қоймай, тамаша театр жобасын жасап шығарды, енді университет оны бүкіл әлемге таныстыруға дайын.

Қойылымның режиссері Айғаным Рамазан студенттермен сұхбаттасу – осы жобаның басты мақсаттарының бірі екенін басып айтты.

– Біз әлеуметтік топтар дегенде, ойымызға ең алдымен «әлеуметтік жағынан осал топтар» деген ұғым келеді», – дейді Айғаным. – Ал студенттер біздің қоғамымыздың «әлеуметтік тобына» біріктірілген тұтас бір құрамы екендігі туралы ойламаймыз. Бүгінде оларды тәрбиелеп, жетілдіру арқылы біз еліміздің болашағын құрып жатырмыз, мұнда Эмпатия, Адамгершілік деген ұғымдар технологияға ұмтылу жолында жоғалмауы тиіс, әйтпесе ол «Ақылсыз Макстың» болашағына әкелуі мүмкін.

Осылайша, «Механизм» спектаклі инженерлік әлем мен сахна өнері арасындағы көпірге айналып, ғылыми шығармашылықтың бірегей перспективасын ұсынады. Theatre.Polytech – бұл студенттеріміздің сахналық өнерде бағын сынай алатын мүмкіндігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар университеттің ғылым мен техниканың шекарасын ілгерілетуге қарай ұмтылысының дәлелі.

Сонымен, «Театр.Polytech» театрының «Механизм» спектаклі Сәтбаев Университетінің акт залында (Тау-кен металлургия ғимараты, 2-қабат Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысындағы аула арқылы кіресіз), 19 және 20 желтоқсан күндері сағат 19:00-де болады. Кіруі тегін. Келіңіздер! Күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту